31.01.2013, 10:07 6223

2013 жылдың соңына дейін 1 мыңнан астам орта мектеп электрондық оқыту жүйесімен қамтылады

2013 жылдың қорытындысы бойынша 1 мыңнан астам қазақстандық орта мектеп электрондық оқыту жүйесімен (E-learning) қамтылады, деп хабарлады Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметінен.

Астана. 31-қаңтар. Kazakhstan Today - 2013 жылдың соңына дейін 1 мыңнан астам орта мектеп электрондық оқыту жүйесімен қамтылады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

2013 жылдың қорытындысы бойынша 1 мыңнан астам қазақстандық орта мектеп электрондық оқыту жүйесімен (E-learning) қамтылады, деп хабарлады Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметінен.

"2011-2012 жылдары 581мектеп электрондық оқыту жүйесімен қамтылса, 2013 жылы тағы 578 білім ошағы қосылады",-делінген ведомство хабарламасында.

Нәтижесінде, 2013 жылдың қорытындысы бойынша E-learning жүйесі 1159 мектепті қамтитын болады, ал 2020 жылға қарай еліміздің барлық мектептерінің 90 пайызын электрондық оқыту жүйесіне қосу жоспарлануда.

ҚР Білім және ғылым министрлігінің ақпараты бойынша, соңғы екі жылда білім саласына қарастырылған мемлекеттік бюджет 1,3 млн. теңге сомаға өсіп отыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны