19.03.2013, 10:46 3290

2013 жылдың соңына дейін барлық өңірлерде Деректерді өңдеу орталықтары іске қосылады

"Кең жолақты интернетке қосылу желісі, сонымен қатар Астана, Алматы қалаларында және 9 аймақта Деректерді өңдеу орталықтары (ДӨО) құрылды. 2013 жылдың соңына дейін барлық өңірлерде Деректерді өңдеу орталықтары іске қосылады", - деді Б.Жұмағұлов.

Астана. 19-наурыз. Kazakhstan Today - Республикамыздың барлық өңірлерінде қажетті инфрақұрылым құру және электрондық контент жүйесін дамыту шеңберінде Деректерді өңдеу орталықтары құрылатын болады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы бүгін ҚР Үкіметі отырысында білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов мәлім етті.

"Кең жолақты интернетке қосылу желісі, сонымен қатар Астана, Алматы қалаларында және 9 аймақта Деректерді өңдеу орталықтары (ДӨО) құрылды. 2013 жылдың соңына дейін барлық өңірлерде Деректерді өңдеу орталықтары іске қосылады", - деді Б.Жұмағұлов.

Сонымен қатар, ол бүігнгі таңда білім беру ұйымдары мен оқу процесін басқарудың екі негізгі жүйесі енгізілгенін, олардың мектеп пен колледждердің әкімшілігінің, педагогтардың жұмысын автоматтандыруға, оқытуда даралап тіл табуды дамытуға, ата-аналармен байланыс орнатуға т.б. мүмкіндік береді.

Оған қоса, БҒМ мәліметінше, білім беру ұйымдарының сайттарына арналған платформа және бірыңғай электронды контентті сақтау орны құрылған, 7,5 мыңнан астам білім беру ресурсы бар, бұл жергілікті бюджеттің сәйкес шығындарын үнемдеуге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, жоба аясында Финляндия, Польша, Швеция, Ресей және басқа елдердің үздік электронды контент әзірлеушілерінің Халықаралық Консорциумы құрылған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны