08.02.2013, 10:07 3730

2013 жылы Алматы облысында 6 балдық жер сілкінісі болуы мүмкін

"Орта мерзімдік болжам 2013 жылға Алматының сейсмоқауіпті аумағы үшін қаңтар айының басында жасалды. Соңғы 7 жыл ішінде болжамдар орындалып отырған. Ең қуатты, 4 балдық жер сілкінісі 31 мамырда сағат 3:20-да болды. Ал 4 балға дейінгі жер сілкінісі Талдықорған, Жаркентте болуы мүмкін, дегенмен барлық болжамдар осы жылдың шілде айында нақтыланады", - деп хабарлады баспасөз мәжілісінде "Сейсмология институты" ЖШС директоры Таңатқан Абақанов.

Алматы. 8-ақпан. Kazakhstan Today - 2013 жылы Алматы облысының таулы аймағында 6 балдық жер сілкінісі болуы мүмкін, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Орта мерзімдік болжам 2013 жылға Алматының сейсмоқауіпті аумағы үшін қаңтар айының басында жасалды. Соңғы 7 жыл ішінде болжамдар орындалып отырған. Ең қуатты, 4 балдық жер сілкінісі 31 мамырда сағат 3:20-да болды. Ал 4 балға дейінгі жер сілкінісі Талдықорған, Жаркентте болуы мүмкін, дегенмен барлық болжамдар осы жылдың шілде айында нақтыланады", - деп хабарлады баспасөз мәжілісінде "Сейсмология институты" ЖШС директоры Таңатқан Абақанов.

Мамандардың айтуынша, құлақтандыру қызметтері жоғарыдағы инстанциялардың барлығына үнемі хабар таратып отырады. Алматы қаласының ТЖ департаменті мобилді байланыс операторларымен тұрғындарды қысқа хабарламалар арқылы ескерту жөнінде жиналыс өткізуге ниетті.

"Алдағы аптада қуатты жер сілкінісі болмайды. Айтылған болжамдар бір жылға жасалады, дегенмен бір жер сілкінісі 28 қаңтарда болды, бұл оның қайталану мүмкіндігін азайтады, себебі жер қыртысының қысымы төмендейді. Десек те, табиғи апаттар болмайды деп ойлаймыз. Біз ТЖ мен республикалық дағдарыс орталығын ақпараттандырып отырамыз. Қайталану мүмкіндігі 07 - 70 %", - деп толықтырды Абақанов.

"Тұрғындарды жаппай құлақтандыру бойынша меморандум әзірленді. Қазір сейсмологиялық күшейту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Алтел және Кселл компанияларымен келісім бар. Билайн компаниясы бір СМС хабарлама үшін 5 теңге сұраса, Алтел және Кселл операторлары қызметті тегін көрсетпек", - деп хабарлады Алматы қаласы ТЖД бастығының орынбасары Нұрлан Мадьяров.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны