21.08.2012, 13:28 5042

2013 жылы Астанадағы "Назарбаев Зияткерлік мектебі" Халықаралық Бакалавриат Бағдарламасына кіруді аяқтайды

Астанадағы "Назарбаев Зияткерлік мектебі" Халықаралық Бакалавриат Бағдарламасына кірудің соңғы кезеңіне жетті, деп хабарлады білім беру ұйымы басқармасының төрайымы Күләш Шәмшидинова.

Астана. 21-тамыз. Kazakhstan Today - 2013 жылы Астанадағы "Назарбаев Зияткерлік мектебі" Халықаралық Бакалавриат Бағдарламасына кіруді аяқтайды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Астанадағы "Назарбаев Зияткерлік мектебі" Халықаралық Бакалавриат Бағдарламасына кірудің соңғы кезеңіне жетті, деп хабарлады білім беру ұйымы басқармасының төрайымы Күләш Шәмшидинова.

"Жаңа оқу жылынан бастап мектеп авторизацияланудың соңғы кезеңіне көшеді, ол 2013 жылдың көктемінде Халықаралық Бакалавриат Бағдарламасы өкілдерінің келуімен аяқталады", - деді К.Шамшидинова мұғалімдердің тамыз конференциясында сөйлеген сөзінде.

Басқарма төрайымының сөзіне қарағанда, осы жұмыс шеңберінде ұстаздар Халықаралық Бакалавриат Бағдарламасы ұстанымдары бойынша 11 пәннен 25 оқу бағдарламасын әзірлеген.

2011 жылдың қараша айында Астана қаласындағы Зияткерлік мектеп Халықаралық Бакалавриат Дипломдық Бағдарламасының кандидат-мектебі дәрежесін алған болатын.

Бұдан басқа, 2012 жылы Зияткерлік мектептің базасында 15 жаңа оқу бағдарламасы бойынша 60 семинар өткізілген, онда зияткерлік мектептердің 400 мұғалімі тренингтен өткен. "Енді мұғалімдерді инновацияны енгізу барысында қолдау стратегиясын жасау керек. Білім беру бағдарламаларын қолдау орталығы мұғалімдерді қолдау үшін мұғалімдер арасындағы ақпарат алмасу мен кері байланыс құралы ретіндегі онлайн платформасын іске қосады", - деп қосты "НЗМ" ААҚ басшысы.

Сондай-ақ, Кембридж университеті базасында "НЗМ" мамандары мен педагогтері үшін жаңа оқу бағдарламаларын енгізу бойынша тұрақты жұмыс істейтін консультативтік кеңес ұйымдастырылады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны