24.12.2012, 14:46 3498

2013 жылы Қызылорда облысында 20-дан астам жаңа мектеп ашылады

2013 жылы Қызылорда облысында 20-дан астам жаңа мектеп ашылады. Бұл жөнінде Қызылорда облысының әкімі Болатбек Қуандықов мәлімдеді.

Қызылорда. 24-желтоқсан. Kazakhstan Today - 2013 жылы Қызылорда облысында 20-дан астам жаңа мектеп ашылады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

2013 жылы Қызылорда облысында 20-дан астам жаңа мектеп ашылады. Бұл жөнінде Қызылорда облысының әкімі Болатбек Қуандықов мәлімдеді.

"Қазір облыстың әрбір алтыншы тұрғыны - оқушы, ал әрбір жиырма алтыншы тұрғын - балабақша тәрбиеленушісі екенін есепке алсақ, онда 2013 жылы өңірдегі білім саласына 20,4 млрд теңге бюджет қаражаты бөлінеді, - деді ол. - 6 ірі мектептің құрылысы басталады, бұл шамамен 3 000 орын, 4 балабақша - 1 120 орын, құрылысы басталған 14 мектеп пен 6 балабақша салынып бітеді".

"Сондай-ақ, 8 мектеп пен 6 балабақша құрылысының жобалық-сметалық құжаттамасын дайындау жоспарлануда, - деді әкім. - 2013 жылы Қызылорда қаласына жақын орналасқан Досан ауылында 100 орынға арналған мектептің құрылысы аяқталатынын атап өткім келеді. Бұл мектепті біз мемлекеттік- жекеменшік серіктестіктің негізінде салудамыз".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны