25.09.2012, 14:52 2854

2013 жылы моноқалалардың экономикасын дамытуға 38,3 млрд теңге жұмсалатын болады

Өскеменде ҚР Экономикалық даму және сауда министрлігінің Өңірлерді дамыту комитеті "Өңірлік дамуға жаңа қадамдар" атты семинар-кеңес өткізді.

Астана. 25-қыркүйек. Kazakhstan Today - 2013 жылы моноқалалардың экономикасын дамытуға 38,3 млрд теңге жұмсалатын болады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Өскеменде ҚР Экономикалық даму және сауда министрлігінің Өңірлерді дамыту комитеті "Өңірлік дамуға жаңа қадамдар" атты семинар-кеңес өткізді.

Семинар-кеңесте 2013 жылы моноқалаларды дамытуға 38,3 млрд теңгеден аса қаржы бөлінетіні айтылды.

"Моноқалаларды дамыту" бағдарламасы аясында халықтың 10% тұратын 27 моноқалалардың биылғы жылы пилоттық режимде жолдарға ағымдағы жөндеу жүргізуге, көгалдандыруға және қоқыстардан арылту жұмыстарын жүргізуге 6 млрд теңге бөлінді. 2013 жылы көгалдандыруға және тұрмыстық қалдықтарды тазалау мен басқа да ағымдағы жұмыстарды жүргізуге 38,3 млрд теңге бөлінеді.

Сонымен қатар бұл қаржы инфрақұрылым нысандарының құрылысын жүргізуге және қайта қалыпқа келтіруге, орта және шағын бизнеске қолдау көрсетуге де жұмсалатын болады. Ирі бағдарламаның басты бағыты баламалы жобаларды жүзеге асыру, ал стратегиялық инвесторларды тарту қала басшыларына жүктелген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны