09.01.2015, 21:59 3846

2014 жылдыӊ 30 желтоқсаны мен 2015 жылдыӊ 6 қаӊтары аралығында негізгі азық-түлік бағалары қалай өзгерді.

"Қазагромаркетинг" АҚ-ныӊ ел аймақтары бойынша азық-түлік бағаларына жүргізген мониторингі 2014 жылдыӊ 30 желтоқсаны мен 2015 жылдыӊ 6 қаӊтары аралығында бөлшек сауда бағаларыныӊ төмендегідей өзгерісін анықтады.

Астана. 9 қаӊтар. Kazakhstan Today - "Қазагромаркетинг" АҚ-ныӊ ел аймақтары бойынша азық-түлік бағаларына жүргізген мониторингі 2014 жылдыӊ 30 желтоқсаны мен 2015 жылдыӊ 6 қаӊтары аралығында бөлшек сауда бағаларыныӊ төмендегідей өзгерісін анықтады:

Қарастырылып отырған кезеӊ аралығында еліміздіӊ ешбір өӊірінде ет пен сүт өнімдерініӊ бағасы айтарлықтай (10%-дан артық) өзгерген жоқ, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Бакалея өнімдерініӊ арасында Астанада бірінші сұрып бидай ұны 15%-ға 119-дан 101 теӊге/кг-ға дейін төмендеді. Себеп - орташа көтерме бағаларыныӊ 9%-ға 82-ден 75 теӊге/кг-ға дейін төмендеуі.

Оралда қара бидай-бидай наны 13%-ға 100-ден 113 теӊге/кг-ға дейін қымбаттады. Бағалардыӊ өсу себебі - тауар өндірушілердіӊ сатылатын (көтерме) бағаны 9%-ға 96-дан 105 теӊге/кг-ға дейін жоғарлатуы.

Алматыда алма бағасы 12%-ға және алмұрт 14%-ға төмендеді. Бұл сатушылардыӊ көтерме бағаны алмаға 3%-ға, алмұртқа 4%-ға төмендеткені және нарықтыӊ өнімге қанығуымен байланысты.

Қызанақ Қызылордада (+13%), Қарағандыда (+12%), Астанада (+11%), Оралда (+11%) қымбаттады. Бағалардыӊ өсімі өнім мөлшерініӊ азаюымен және сатушылармен көтерме бағалардыӊ Қызылордада 14%-ға 350-ден 400 теӊге/кг-ға дейін, Қарағандыда 13%-ға 350-ден 395 теӊге/кг-ға дейін, Астанада 7%-ға 600-ден 640 теӊге/кг-ға дейін, Оралда 11%-ға 335-тен 373 теӊге/кг-ға дейін қымбаттауымен байланысты.

Шымкентте қиярлар 14%-ға арзандады. Сатушылармен көтерме бағаларды 4%-ға 280-нен 270 теӊге/кг-ға дейін төмендетуі және нарыққа өнімніӊ жеткізілімі мөлшерініӊ артуы себептері өнімніӊ арзандауына әкелді.

Жеткізілім мөлшерініӊ азаюы және көтерме бағалардыӊ артуы салдарынан Қарағандыда қияр бағасы 12%-ға 399-дан 446 теӊге/кг-ға дейін, Өскеменде 11%-ға 573-тен 636 теӊге/кг-ға дейін қымбаттауына әкелді.

Астанада бір апта ішінде жүзім бағасы 92%-ға және Оралда 19%-ға қымбаттады. Себеп - нарықтыӊ қымбат импортты өніммен қанығуы. Көтерме бағалар бір апта ішінде Астанада 64%-ға 468-ден 768 теӊге/кг-ға дейін, Оралда 19%-ға 457-ден 543 теӊге/кг-ға дейін қымбаттады.

Қарағандыда өнім жеткізілім мөлшерініӊ азаюы және көтерме бағалардыӊ 7%-ға 450-ден 480 теӊге/кг-ға дейін қымбаттауы салдарынан тәтті бұрыш бағасы 14%-ға қымбаттады.

"Қазагромаркетинг" АҚ-ныӊ Баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны