04.02.2014, 19:15 24508

2014 жылы 1,5 мың қазақстандық дәрігердің тәжірибелік білімі бағаланады

Яғни, біз мамандардың тәжірибелік білімін бағалауға екпін қойып жатырмыз. Жасыратыны жоқ, бізде квалификациялық категорияны беру жүйесі бар. Бұл дегеніңіз міндетті түрде клиникалық тәжірибеге рұқсат беретін сертификатты алу", - деді сөз басында Л. Ахметниязова.

Алматы. 4 ақпан. Kazakhstan today. Елбасының Н.Назарбаевтың халыққа Жолдауы аясында 2014 жылы қазақстандық 1,5 мың дәрігердің тәжірибелік білімі бағаланады. Бұл туралы бүгін "Медицина қызметкерлерінің кәсіби дайындығын бағалауды енгізу" тақырыбында өткен брифингте ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің төрағасы Лаура Ахметниязова мәлім етті.

"Елбасының халыққа Жолдауы аясында оқу бойынша халықаралық стандартқа, аттестациялау, медицина қызметкерлерін клиникалық тәжірибеден өтуге дайындауға көшу жүргізіліп жатыр. Яғни, біз мамандардың тәжірибелік білімін бағалауға екпін қойып жатырмыз. Жасыратыны жоқ, бізде квалификациялық категорияны беру жүйесі бар. Бұл дегеніңіз міндетті түрде клиникалық тәжірибеге рұқсат беретін сертификатты алу", - деді сөз басында Л. Ахметниязова.

Оның айтуынша, осы жылдан бастам ведомство медицина қызметкерлеріне квалификациялық категорияны беру жүйесін қарастыруда.

"Егер бұл жүйе 2 кезеңмен - тестілеу және сөйлесу бойынша жүргізілетін болса, онда екінші жарты жылдықтан бастап бұл жүйені қайта қарайтын боламыз. Сондай-ақ, біз теориялық және практикалық білімін бағалау мақсатында тестілеуді жоспарлаудамыз. Осылайша біз олардың кәсіби дамуына және сапалы медицина қызметін бағалау жүйесінің жетілуіне түрткі боламыз", - деді ол.

Л. Ахметниязова атап өткендей, бағалау жұмыстары әр аймақта симуляциялық технологияларды пайдалану арқылы жүзеге асырылады.

"Ир аймақта қажетті техникамен жабдықталған біздің симуляциялық орталықтарымыз жұмыс істейді. Шапшаң медициналық көмек көрсету бойынша мамандар клиникалық тәжірибесін сол орталықтағы қуыршақтар мен адамның денесіне ұқсас пішіндерді пайдалану арқылы көрсетеді және сол арқылы олардың біліктілігі бағаланады", - деді Л. Ахметниязова.

Денсаулық сақтау министрлігімен мамандардың білімін бағалау бойынша өзгерістерге қатысты нармотивті базаны жетілдіру жұмыстары басталды.

"Біз медицина қызметкерлерінің арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізуді бастадық. Сондықтанда 2014 жылы клиникалық тәжірибені жүзеге асырып жүрген қазақстандық 1,5 мың дәрігердің тәжірибелік білімі бағаланады", - деп Л. Ахметниязова өз ойын түйді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны