13.05.2014, 20:47 1627

2014 жылы Қазақстанда жоғалған балаларға қатысты портал ашылады - Ш.Сабиров

Бүгін балалардың ғаламтор қауіпсіздігін қамтамасыз ету жән оны реттеу мәселелеріне арналған дөңгелек үстелде Қазақстанның ғаламтор қауымдастығының президенті Шавкат Сабиров 2014 жылы Қазақстанда жоғалған балаларды іздеу порталының құрылатынын айтты.

Алматы. 13 мамыр. Kazakhstan today. Бүгін балалардың ғаламтор қауіпсіздігін қамтамасыз ету жән оны реттеу мәселелеріне арналған дөңгелек үстелде Қазақстанның ғаламтор қауымдастығының президенті Шавкат Сабиров 2014 жылы Қазақстанда жоғалған балаларды іздеу порталының құрылатынын айтты.

"Биыл сайтты құруды жоспарлап отырмыз. Қолымызда қазір contorterror.kz деген сайт бар. Екінші сайтты біз ақпараттық-түсіндіру жарияланымдары мен жоғалған балалар жайлы портал құру мақсатында дайындаймыз. Құқықтық статистика комитеті мен Бас прокуратураның арнайы есебімен тығыз жұмыс істейміз. Солардан жоғалған балалар жайлы мәлімет алатын боламыз", - дейді ол.

Оның айтуынша, бүгінде Қазақстанда 5 мыңдай жоғалған бала тіркелген.

"Осыған сай біз аталмыш ақпаратты ғаламторға салып, өзге де елдерге таратып, Ресей секілді елдерге де ақпараттар жіберетін боламыз. Биыл ғаламтордағы суицидтік топтармен бірлесе жұмыс істеп, әсіресе жасөспірімдерге қатты көңіл бөлеміз. Ғаламтор кеңістігіндегі мониторинг, міндетті алдын алу жұмыстары, семинарлар мен конференциялар ұйымдастырамыз. Біздің ойымызша, құқық қорғау және мемлекттік органдармен қатар біздікі секілді қоғамдық ұйымдардың да айналысқаны абзал", - дейді Ш.Сабиров.

Естеріңізге сала кетейік, бүгінгі дөңгелек үстелде ғаламтордағы балалар мен жасөспірімдердің қауіпсіздік негізі, Педагогтар мен атаналар үшін балалар мен жасөспірімдердің сандық қабілетін арттыру бойынша білім бағдарламасы,

Google компаниясының қауіпсіздік құралы мен атаналар және ұстазтарға ұсыныстар.

Шараға мелекеттік органдардың, балалардың құқығын қорғау және сақтау бойынша уәкілетті органдардың, сарапшылар қауымдастығының, байланыс операторлыр мен

хостинг-провайдерлердың, қазақстандық танымал ғаламтор ресурстарының, қызметі балалар құқығын қорғауға бағытталған қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты.

Айта кетерлік жайт, шара Қазақстанның Ғаламтор Қауымдастығының ұйымдастыруымен ҚР Президенті жанындағы ОКҚ қолдауымен өтуде.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны