16.01.2014, 18:49 3582

2014 жылы ҚР-да 51 млрд теңгеге 73 мектеп салынады - БҒМ

2014 жылы Қазақстанда 51 млрд теңгеден астам қаражатқа 73 мектеп салынады, деп мәлімдеді баспасөз конференциясында білім және ғылым вице-министрі Есенғазы Иманғалиев.

Алматы. 16 қаңтар. Kazakhstan today. 2014 жылы Қазақстанда 51 млрд теңгеден астам қаражатқа 73 мектеп салынады, деп мәлімдеді баспасөз конференциясында білім және ғылым вице-министрі Есенғазы Иманғалиев.

"2014 жылы республикалық есебінен елімізде 73 білім беру нысаны салынады. Жалпы, осы мақсатта 51 млрд 100 млн теңге қарастырылған", - деді бас ұстаздың орынбасары.

Вице-министрдің мәліметінше, 2015-2016 жылдары 119 жаңа мектептің құрылысына 46,7 млрд теңге қарастырылған.

2013-2014 оқу жылында Қазақстанда 2,5 млн шәкірт тәрбиелеп жатқан 7683 орта білім беру ұйымы тіркелген.

Қазақстанда қазіргі таңда Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау облыстары мен Астана қалаларында 112 мектеп үш ауысыммен оқытуда.

2014-2016 жылдары апаттық жағдайдағы және үш ауысымдағы мектептер санын қысқарту мәселесі ҚР Білім және ғылым министрлігі, облыс әкімдіктері, Астана мен Алматы қалалары әкімдіктері тарапынан басым бағыттар бойынша Меморандумда қарастырылады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны