20.02.2015, 22:04 3765

2015 жылдыӊ 10-17 ақпаны аралығында негізгі азық-түлік бағалары қалай өзгерді?

"Қазагромаркетинг" АҚ-ныӊ ел аймақтары бойынша азық-түлік бағаларына жүргізген мониторингі 2015 жылдыӊ 10-17 ақпаны аралығында бөлшек сауда бағаларыныӊ төмендегідей өзгерісін анықтады

Астана. 20 ақпан. Kazakhstan Today - "Қазагромаркетинг" АҚ-ныӊ ел аймақтары бойынша азық-түлік бағаларына жүргізген мониторингі 2015 жылдыӊ 10-17 ақпаны аралығында бөлшек сауда бағаларыныӊ төмендегідей өзгерісін анықтады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Аталған уақыт аралығында бакалея өнімдерініӊ бағасы келесідей төмендеді:

- Ақтөбеде күріш 10% 212-ден 190 теӊге/кг-ға дейін арзандады. Бұған нарықтыӊ өніммен қанығуы мен сатушылардыӊ көтерме бағаны 6% 180-нен 170 теӊге/кг-ға дейін азайтуы себеп болды;

- Астанада тары жармасы 13% 159-дан 138 теӊге/кг-ға дейін арзандады, оған сатылымда арзанырақ қаптан өлшеніп сатылатын өнімніӊ көбеюі себеп болды;

- Астанада үрмебұршақ 20% 482-ден 388 теӊге/кг-ға дейін арзандады. Бұл "Шапағат" жабық базарында арзанырақ қаптан өлшеніп сатылатын бағасы 230 теӊге/кг құрайтын үрмебұршақтыӊ сатылуымен және мұныӊ орташа бағаға әсер етуімен байланысты, өнімніӊ көтерме сауда бағасы 280 теӊге/кг деӊгейінде қалды.

Көкшетауда 1-санатты тауық жұмыртқасы 11% он данасына 180-нен 160 теӊгеге дейін арзандады.

Қарастырылып отырған кезеӊ аралығында Шымкентте үрмебұршақ 16% 284-тен 330 теӊге/кг-ға дейін қымбаттады. Орташа бағаныӊ көтерілуіне сатылымда қымбаттырақ орамадағы өнім үлесініӊ басым болуы әсер етті, көтерме сауда бағасы 310 теӊге/кг деӊгейінде қалды.

Көкөніс-жеміс өнімдерініӊ бағасы мынадай өзгерістерге ұшырады:

- Қарағандыда жүзім 36% 515-тен 701 теӊге/кг-ға дейін қымбаттады. Қымбаттауға мониторинг күні көтерме сауда базарына өнімніӊ әкелінбеуі мен сатылымдағы жүзім көлемініӊ азаюы себеп болды;

- Шымкентте сәбіз 11% 90-нан 80 теӊге/кг-ға дейін арзандады. Арзандауға халық сұранысыныӊ азаюы мен бөлшек саудадағы сатушылардыӊ үстеме бағаны төмендетуі себеп болды, көтерме баға болса, 70 теӊге/кг деӊгейінде сақталып қалды;

- Ақтөбеде мандарин 10% 258-ден 232 теӊге/кг-ға дейін арзандады. Баға төмендеуіне нарықтыӊ Ресейден әкелінген өніммен қанығуы және көтерме сауда бағасыныӊ 10% 210-нан 190 теӊге/кг-ға дейін арзандауы себеп болды;

- Астанада баялды бағасы 15%-ға 570-тен 658 теӊге/кг-ға дейін қымбаттады. Бұған сатылымдағы өнім көлемініӊ азаюы мен көтерме сауда бағасыныӊ 33%-ға 450-ден 600 теӊге/кг-ға дейін артуы себеп болды.

Өзге азық-түлік өнімдерініӊ бағасы айтарлықтай (10%-дан артық) өзгерген жоқ. "Қазагромаркетинг" АҚ апта сайын әр сейсенбі күні азық-түліктіӊ 66 түрі бойынша еліміздіӊ барлық облыстары мен Астана, Алматы қалаларында баға мониторингін өткізеді.

"Қазагромаркетинг" АҚ-ныӊ Баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны