16.10.2015, 15:58 4110

2015 жылдыӊ 17 қазанында қалада Алматы облысы ауылшаруашылық тауарларын өндірушілердіӊ жәрмеӊкесі өтеді.

Алматылықтарға 50-ден астам өнім түрі ұсынылады. Мегаполис тұрғындары мен қонақтарына бұл күні жалпы құны 110 млн. теӊге 113 тонна жеміс, көкөніс, 95 тонна ет, 22 тонна сүт өнімдері жеткізіледі

Алматы. 16 Қазан. Kazakhstan Today - Алматылықтарға 50-ден астам өнім түрі ұсынылады. Мегаполис тұрғындары мен қонақтарына бұл күні жалпы құны 110 млн. теӊге 113 тонна жеміс, көкөніс, 95 тонна ет, 22 тонна сүт өнімдері жеткізіледі, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Жәрмеӊкеге Алматы облысыныӊ 16 ауданы мен Талдықорған, Қапшағай, Текелі қалаларынан 290 тонна экологиялық таза және сапалы өнім әкелінеді.

Өтетін орны мен уақыты: "Астана" алаӊы (Төле би көшесі мен Абылай хан даӊғылыныӊ қиылысы), сағат 08.00-ден 15.00-ге дейін.

Автокөлік иелерініӊ назарына! Жәрмеӊкеніӊ өту уақыты аралығында Төле би көшесініӊ Абылай хан даӊғылынан Фурманов көшесіне дейінгі аралығында, Панфилов көшесініӊ Бөгенбай батыр көшесінен Қазыбек би көшесіне дейінгі аралығында көлік қозғалысы жабылады.

Алматы қаласы әкімініӊ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны