31.01.2015, 16:19 6746

2015 жылдыӊ 20-27 қаӊтары аралығында негізгі азық-түлік бағалары қалай өзгерді?

Астанада жүзім бағасы 18%-ға 815-тен 958 теӊге/кг-ға дейін қымбаттады. Өнім мөлшерініӊ азаюы және көтерме бағалардыӊ 4%-ға 625-тен 650 теӊге/кг-ға дейін артуы өнім бағасыныӊ қымбаттауына әкелді

Астана. 31 қаӊтар. Kazakhstan Today - "Қазагромаркетинг" АҚ-ныӊ ел аймақтары бойынша азық-түлік бағаларына жүргізген мониторингі 2015 жылдыӊ 20-27 қаӊтары аралығында бөлшек сауда бағаларыныӊ төмендегідей өзгерісін анықтады:

Қарастырылып отырған уақыт ішінде Астанада үрме бұршақ бағасы 11%-ға 440-тан 490 теӊге/кг-ға дейін қымбаттады. Орташа бағалардыӊ қымбаттауы бағаларды тіркеу күні "Шапағат" коммуналдық базарында қаптан өлшеніп сатылатын арзан өнімніӊ болмауымен байланысты. Көтерме баға 280 теӊге/кг деӊгейінде сақталып қалды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Алматы қаласында тұтас тауық еті бағасыныӊ 12%-ға төмендеуі тіркелді. Бір апта ішінде өнімніӊ орташа бағасы 712-ден 627 теӊге/кг-ға дейін арзандады. Тауық етініӊ арзандауына нарықтыӊ өніммен қанығуы және сатушылардыӊ көтерме бағаны 3%-ға 558-ден 540 теӊге/кг-ға дейін төмендетуі себеп болды.

Жеміс-көкөніс өнімдерініӊ арасында келесі өзгерістер анықталды:

- Астанада жүзім бағасы 18%-ға 815-тен 958 теӊге/кг-ға дейін қымбаттады. Өнім мөлшерініӊ азаюы және көтерме бағалардыӊ 4%-ға 625-тен 650 теӊге/кг-ға дейін артуы өнім бағасыныӊ қымбаттауына әкелді;

- Павлодарда қияр бағасы 10%-ға 520-дан 470 теӊге/кг-ға дейін арзандады. Өнімніӊ арзандауына сатылымдағы өнім мөлшерініӊ артуы мен көтерме бағалардыӊ 26%-ға 470-тен 350 теӊге/кг-ға дейін төмендеуі әсер етті;

- Өскеменде баялды бағасы 13%-ға 472-ден 533 теӊге/кг-ға дейін қымбаттады. Бұған ауа райына байланысты әкелінетін өнім мөлшерініӊ, яғни сатылымдағы тауар үлесініӊ азаюы себеп болды. Көтерме баға 11%-ға 358-ден 397 теӊге/кг-ға дейін қымбаттады.

Өзге азық-түлік өнімдерініӊ бағасы айтарлықтай (10%-дан артық) өзгерген жоқ. "Қазагромаркетинг" АҚ еліміздіӊ барлық облыстары мен Астана, Алматы қалаларында апта сайын сейсенбі күні азық-түліктіӊ 66 түрініӊ бағасына мониторинг өткізеді.

"Қазагромаркетинг" АҚ-ныӊ Баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны