23.08.2012, 17:13 2884

2015 жылға қарай Қазақстан халқының 95 пайызы сандық телеарнамен қамтамасыз етіледі

"Осы күнге дейін шамамен республика халқының 50 пайызы баламалы эфирлік хабар тарату желісі арқылы ары кетсе 4 отандық телеарнаны көре алатын. Сандық телехабар тарату желісі енгізілгеннен кейін елді мекендердің тұрғындары 30 телеарнаны тамашалау мүмкіндігіне ие болады. Бұл ақпараттың қолжетімділігін де арттырады", - деп сәрсенбі күні Алматыда өткен баспасөз мәслихатында "Қазтелерадио" АҚ басқарма төрағасы Абай Қадырәлиев мәлім етті.

Астана. 23-тамыз. Kazakhstan Today - Сандық эфирлік телехабар тарату желісіне көшу жобасы бойынша 2015 жылға қарай Қазақстан халқының 95 пайызы телеарналарды цифрлық форматта тамашалайтын болады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Осы күнге дейін шамамен республика халқының 50 пайызы баламалы эфирлік хабар тарату желісі арқылы ары кетсе 4 отандық телеарнаны көре алатын. Сандық телехабар тарату желісі енгізілгеннен кейін елді мекендердің тұрғындары 30 телеарнаны тамашалау мүмкіндігіне ие болады. Бұл ақпараттың қолжетімділігін де арттырады", - деп сәрсенбі күні Алматыда өткен баспасөз мәслихатында "Қазтелерадио" АҚ басқарма төрағасы Абай Қадырәлиев мәлім етті.

Сандық телеарна жобасы құрылысының бастапқы сатысында Астана, Алматы, Қарағанды, Жезқазған, Жаңаөзен қалалары мен шаһар маңындағы елдімекен тұрғындары отандық телеарналарды цифрлық форматта тамашалау мүмкіндігіне ие болды.

"Қазтелерадио" АҚ өкілдерінің айтуынша, бұл желі барлық облыс орталықтары мен Астана және Алматы қалалары тұрғындарының 30 телеарнаны (тегін), ал өзге аймақтар тұрғындарының 15 телеарнаны көруіне мүмкіндік жасайды. Жалпы, цифрлық желіге сандық хабар таратуға мүмкіндік беретін 827 радиотелехабар тарату станциясы енгізілмек. Желі құру технологиясы республикалық деңгейдегі орталық мемлекеттік және коммерциялық телеарналар мен облыстық, жергілікті телеарналарды өз бетінше іріктеп, тиісті пакет қалыптастыруға мүмкіндік береді.

А.Қадырәлиев спутниктік телеарнаның тарифі туралы да айта кетті. "Кез-келген тариф жобаның өзіндік құнына қарай есептеледі. Қазір біз спутниктік эфирлік телехабар тарату тарифтерін есептеу әдістемесін әзірлеп жатырмыз. (...) Идістеме дайын болғаннан кейін оны өкілетті орган бекітуі тиіс" деді ол.

2012 жылдың 3-шілдесінде Астанадағы Медиа орталықта телеарналарды цифрлық DVB-T2, MPEG-4 форматтары арқылы трансляциялауға мүмкіндік беретін ұлттық сандық телехабар тарату желісі салтанатты түрде іске қосылған болатын. Оған мемлекет басшысы Н.И.Назарбаев қатысты.

Сандық хабар тарату жүйесіне көшу "Женева 2006" (G06) халықаралық келісімі негізінде іске асырылуда. Бұл келісімге Қазақстан 2006 жылы қосылған болатын. Сандық эфирлік телехабар тарату жүйесіне көшуге бағытталған жоба 2011-2015 жылдарға есептелген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны