05.01.2015, 19:55 103390

2015 жылғы 1 қаӊтардан бастап Икімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасыныӊ жаӊа кодексі қолданысқа енгізілді

Бұдан басқа, Заӊныӊ 54-баптыӊ 22) тармақшасынан "бұл үшін арнайы бөлінген, тиісті жол белгілерімен және нұсқағыштармен белгіленген орындардан басқа, елді мекендердіӊ жолдарында және көшелерінде" тоқтап тұруға тыйым салатын норма алынып тасталды.

Астана. 5 қаӊтар. Kazakhstan Today - 2015 жылғы 1 қаӊтардан бастап "Қазақстан Республикасыныӊ кейбір заӊнамалық актілеріне Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайды түбегейлі жақсарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заӊ заӊды күшіне енді, оған сәйкес "Жол жүрісі туралы" Заӊнан (бұдан әрі - Заӊ) көлік құралы оларға уақытша иеленуге және пайдалануға берілген адамдарды тіркеу және есепке алу мәселелерін реттейтін нормалар алынып тасталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Атап айтқанда, 54-баптыӊ 3-тармағында механикалық көлік құралыныӊ иесі мен жүргізушісініӊ құқықтары мен міндеттерінен көлік құралын оныӊ иесі болмай басқарған жағдайда - уақытша иеленуге және пайдалануға берілген көлік құралын басқаратын жеке тұлғаныӊ уәкілетті органда міндетті тіркелуімен бірге осы көлік құралын иелену немесе пайдалану немесе билік ету құқығын растайтын құжатты ұсыну бойынша міндет алынып тасталды; Заӊныӊ 51-бабы 1-тармағыныӊ 2) тармақшасында оған жеке тұлға уақытша иеленуге және пайдалануға берген көлік құралын басқаратын адамныӊ тіркелуі және есепке алынуы болмау сияқты көлік құралын пайдалануға тыйым салу негізі алынып тасталды; сондай-ақ көлік құралы оларға уақытша иеленуге және пайдалануға берілген адамдарды тіркеу және есепке алу мәселелерін реттейтін 76-бап алынып тасталды.

Бұдан басқа, Заӊныӊ 54-баптыӊ 22) тармақшасынан "бұл үшін арнайы бөлінген, тиісті жол белгілерімен және нұсқағыштармен белгіленген орындардан басқа, елді мекендердіӊ жолдарында және көшелерінде" тоқтап тұруға тыйым салатын норма алынып тасталды.

Сондай-ақ міндетті техникалық қарап тексеруден өтуге қатысты өзгерістер енгізілді. Бұдан бұрын автомобиль жағдайын тексеру қажеттілігінен шыққан жылын қоса алғанда, шығарылғанына төрт жылдан аспайтын автокөлік иелері босатылған болатын. Заӊнамадағы жаӊа өзгерістерге сәйкес бұл мерзім автомобиль көлігі саласындағы кәсіпкерлік қызметте пайдаланылмайтын М1 санатындағы көлік құралдары (жолаушыларды тасымалдау үшін пайдаланылатын және жүргізушініӊ орнынан басқа, сегізден аспайтын отыратын орны бар көлік құралдары) үшін жеті жылға дейін көбейтілді.

Сонымен қатар, 7 қаӊтарда заӊды күшіне енетін Жол жүрісі қағидаларыныӊ жаӊа редакциясында жоғарыда көрсетілген нормалар әлі бар. Бұл Жол жүрісі қағидалары "Қазақстан Республикасыныӊ кейбір заӊнамалық актілеріне Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайды түбегейлі жақсарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заӊға қол қойылғаннан бұрын бекітілгеніне байланысты.

"Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заӊға сәйкес әртүрлі деӊгейдегі нормативтік актілердіӊ нормаларында қарама-қайшылықтар болған кезде жоғары деӊгейдегі актініӊ нормалары қолданылады. Осылайша, қазіргі уақытта, оныӊ ішінде 7 қаӊтардан кейін де "Жол жүрісі туралы" Заӊныӊ ережелері қолданылатын болады.

Қазіргі уақытта ІІМ Жол жүрісі қағидаларына жоғарыда көрсетілген нормаларды алып тастауға бағытталған өзгерістерді енгізуді көздейтін Үкімет қаулысыныӊ жобасын әзірледі.

Тиісті түсіндірулер ішкі істер органдарыныӊ аумақтық бөліністеріне жолданды.

ЖЖҚ бұзушылықтары үшін айыппұлдарға қатысты.

2015 жылғы 1 қаӊтардан бастап Икімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасыныӊ жаӊа кодексі қолданысқа енгізілді. Онда әкімшілік жауапкершілікке тарту рәсімі жаӊғыртылды.

Икімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қысқартылған іс жүргізу енгізілді, оныӊ шеӊберінде кінәлі адамға айыппұл салынғаннан кейін 7 тәулік ішінде тағайындалған айыппұл сомасыныӊ жартысын ғана төлеу құқығы берілген (42-тарау).

Қысқартылған іс жүргізу егер адам жасалған құқық бұзушылық фактісімен келіскен, өзініӊ кінәсін мойындаған, өз еркімен айыппұлды төлеуге дайын болған және наразылығы болмаған жағдайда жүзеге асырылады.

Сонымен қатар, қысқартылған іс жүргізу егер әкімшілік құқық бұзушылық автоматтық режимде жұмыс істейтін сертификатталған арнайы бақылау-өлшеу техникалық қралдарымен және аспаптарымен тіркелген жағдайда қолданылмайды.

Сондай-ақ, жаӊа Кодексте ЖЖҚ бұзушылықтары үшін жауапкершілікті қатаӊдату көзделмеген.



Қазақстан Республикасы ІІМ Икімшілік полиция комитеті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны