25.08.2015, 10:57 3788

2015 жылы бостандығынан айыру орындарынан босап шыққан 1,5 мыӊ азамат жұмысқа орналастырылды

Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде "Бостандығынан айыру орындарынан босап шыққан азаматтарды әлеуметтік оӊалту" тақырыбында өткен брифингте ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Светлана Жақыпова мәлімдеді

Астана. 25 Тамыз. Kazakhstan Today - Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде "Бостандығынан айыру орындарынан босап шыққан азаматтарды әлеуметтік оӊалту" тақырыбында өткен брифингте ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Светлана Жақыпова мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Ол мемлекеттіӊ "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заӊына сәйкес құрамына бостандығынан айыру орындарынан босап шыққан және анықтау қызметінде есепте тұрған азаматтар кіретін тұрғындардыӊ мақсатты топтарын жұмыспен қамту шараларымен қамтамасыз ететіндігі туралы мәлімдеді. Олар әлеуметтік жұмыс орындарына орналасу, кәсіптік даярлау, қайта даярлау, біліктілікті арттыру және ақысы төленетін әлеуметтік жұмыстарға орналасуға бағыттау барысында басым құқыққа ие.

"2015 жылы 891 түрмеден босап шыққан азамат жұмысқа орналастырылды. Оныӊ ішінде аймақтарды дамыту бағдарламасы бойынша 750 адам, "Жұмыспен қамту жол картасы 2020" бойынша 141 адам жұмысқа тұрды", - деп хабарлады Светлана Жақыпова.

Сонымен қатар, аталмыш санат өкілдерін жұмыспен қамту мақсатында жергілікті атқарушы органдар ұйымдарда жұмысқа орналастыруға көмектесу қажеттілігіне қарай жалпы жұмыс орындарын квоталаудыӊ 0,3%-тен 5% шегінде жұмыс орындарын квоталауды бекітті. Квотаныӊ еӊ жоғарғы мөлшері Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Қызылорда, Қостанай, Павлодар, Оӊтүстік Қазақстан облыстары аудандарында тіркелген. 2014 жылы квотаныӊ аясында 714 адам, ағымдағы жылдыӊ басынан бастап бостандығынан айыру орындарынан босап шыққан 601 азамат жұмысқа орналастырылды.

ҚР "Арнайы әлеуметтік қызметтер туралы" Заӊына сәйкес бостандығынан айыру орындарынан босап шыққан азаматтар төменде келтірілген сәттерде қиын өмірлік жағдайда деп қарастырылады:

- егер азамат жасы ұлғайған, мүгедек және жалғызбасты болса, онда оныӊ босағаннан кейін қарттар немесе мүгедектерге арналған қоғамдық үй-интернатына жолдама алу мүмкіндігі бар. Қазіргі таӊда қарттар мен мүгедектерге арналған медико-әлеуметтік мекемелерде бостандығынан айыру орындарынан босап шыққан 173 адам бар. Ол мекемедегі барлық тұрғындардыӊ 2,5% құрайды.

- егер азаматтыӊ тіршілік етуге қаражаты және тұрғылықты мекені болмаса, онда ол босағаннан кейін тұрғылықты мекені анықталмаған адамдарға арналған әлеуметтік бейіндеу орталығына бағытталады. Қазақстанда мұндай 24 орталық бар, онда бостандығынан айыру орындарынан босап шыққан 426 адам бар.

Брифинг соӊында Светлана Жақыпова ҚР ДСИДМ "100 нақты қадам" бағдарламасын жүзеге асыру шараларыныӊ аясында анықтау қызметінде есепте тұратын адамдардыӊ әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету ережесіне өзгертулер енгізуді ұсынды. Оныӊ ішінде келесі көмек түрлерін қосу ұсынылады:

- құқықтық (құқықтық мәні бар құжаттарды рәсімдеу; әлеуметтік қамсыздандыру құқығы бойынша заӊгерлік кеӊес; заӊнамалық тұрғыда бекітілген жеӊілдіктер мен артықшылықтар, әлеуметтік төлемақыларды алуды қамсыздандыру)

- психологиялық (тұлғаны тексеру, психологиялық диагностикалау; үй жағдайында әлеуметтік-психологиялық көмек көрсету (үздіксіз бақылау); психопрофилактикалық жұмыс; психологиялық кеӊес беру; шұғыл психологиялық көмек);

- жұмыспен қамтамасыз ету (еӊбек дағдыларын тексеру, қолжетімді кәсіптік дағдыларға үйрету).

ҚР ІІМ ҚАЖКТ мәліметі бойынша биыл жергілікті атқару органдары атқарған жұмыстардыӊ нәтижесінде 1280 сотталған адамдарға емдеу бойынша жәрдем, білім алу бойынша - 49, 1013 адамға психологиялық қолдау көрсетіліп келеді. 55 құжат алынып, қайта қалпына келтірілді, 1761 сотталған адамдарға өзге де көмектер көрсетілді.

Жыл сайын қылмыстық-атқарушы жүйе мекемесінен 9 мыӊнан 11 мыӊға дейін азамат босатылып шығарылады. 2015 жылдыӊ 6 айыныӊ ішінде 7634 сотталушы босап шыққан (2014 жылдыӊ сәйкес мерзімінде 5123 адам).

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны