03.06.2016, 14:35 4722

2015 жылы сальмонеллез ауруын жұқтырған 100 тоннаға жуық құс еті жойылды - ҚР АШМ

Астананыӊ азық-түлік қауіпсізідігін қамтамасыз ету мақсатында ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетініӊ Ветеринарлық инспекторлары отандық және импортты сапасыз мал шаруашылығы өнімдерініӊ сауда саттық орындарына жол бермеу мақсатында кешенді шараларды атқаруда, деп мәлімдеді аграрлық ведомствода

Астана. 3 маусым. Kazakhstan Today - Астананыӊ азық-түлік қауіпсізідігін қамтамасыз ету мақсатында ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетініӊ Ветеринарлық инспекторлары отандық және импортты сапасыз мал шаруашылығы өнімдерініӊ сауда саттық орындарына жол бермеу мақсатында кешенді шараларды атқаруда, деп мәлімдеді аграрлық ведомствода, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Сонымен, ҚР АШМ мәліметінше, жыл басынан бастап, тексеру қорытындысы бойынша ветеринарлық инспекторлармен 3 млн теӊге көлемінде 70 айыппұл салынды. Оныӊ ішінде ілеспе ветеринариялық құжаттары жоқ, шыққан орны көрсетілмеген және автокөлікпен тасымалдаған кезде ветеринариялық-санитариялық талаптарды сақтамау бұзушылықтары орын алған.

"2015 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін лабораториялық зерттеулер негізінде сальмонеллез ауруы анықталған 98 тонна құс еті тәркіленіп, жойылды. Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетініӊ инспекторлары "Нұрдаулет", "Алем", "Астаналық базары" сауда үйлерінен ветеринариялық құжатсыз 60 кг аса құс етін тәркіледі. Польша және Германия елдерінен әкелінген 32 666,46 тонна сиыр бауырынан Listeria monocytogenes және ішек таяқшаларыныӊ бактериялары анықталды", - делінген хабарламада.

Қазақстан Республикасыныӊ мемлекеттіқ басқару деӊгейлері арасында өкілеттіктердіӊ аражігін ажырату жөніндегі шараларына сай ветеринария саласындағы функциялардыӊ барлығы жергілікті атқарушы органдардыӊ қарамағына берілді. Жалпы Астана қаласы бойынша 14 ішкі сауда объектісі бар.

"Барлық ішкі сауда орындарында ветеринариялық мамандары бекітілген. Олар бақылауға жатқызылған жүктерге, мемлекеттік ветеринариялық бақылау жүргізіп, арнайы ветеринариялық ілеспе құжаттарын береді, жануарларды тексереді, шикізат өнімдерін және басқа да өнімдерді бақылайды. Барлық базарларда мал өнімдеріне сараптама жүргізетін арнайы лицензиясы бар ветеринарлық-санитарлық зертханалар қызмет етеді", - деп мәлімдеді аграрлық ведомствода.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны