21.12.2015, 21:09 6443

2016 жылдыӊ қаӊтарынан бастап Қазақстанда зейнетақы мен жәрдемақылардыӊ көлемі артады

2016 жылдыӊ 1 қаӊтарынан бастап ынтымақты зейнетақы төлемі 9%-ға, мүгедектік, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар мөлшері 7%-ға ұлғайтылатын болады

Астана. 21 желтоқсан. Kazakhstan Today - 2016 жылдыӊ 1 қаӊтарынан бастап ынтымақты зейнетақы төлемі 9%-ға, мүгедектік, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар мөлшері 7%-ға ұлғайтылатын болады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Қазақстан Республикасыныӊ зейнетақы жүйесін одан әрі жаӊғыртудыӊ 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасында ынтымақты зейнетақы төлемі мөлшерініӊ жыл сайын инфляция деӊгейінен екі пайызға ілгерілеп, индекстелуі қарастырылады.

Ағымдағы жылғы 29 тамыздағы Республикалық бюджеттік комиссияныӊ отырысында мақұлданған әлеуметтік-экономикалық даму болжамына сәйкес, тұтыну бағасыныӊ индексі 6-8%-ды құрады. Сол себепті келесі жылдыӊ қаӊтар айынан бастап ынтымақты зейнетақы төлемініӊ мөлшері 9%-ға артатын болады (7% - инфляцияныӊ орташа деӊгейі және 2% - ілгерілеу).

Сонымен қатар, базалық зейнетақы төлемі "2016-2018 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" ҚР Заӊымен 11 965 теӊге көлемінде белгіленді, еӊ төменгі зейнетақы мөлшері - 25 824 теӊге болды. Осылайша, 2016 жылы зейнетақы төлемініӊ төменгі мөлшері (еӊ төменгі зейнетақы мен базалық зейнетақыны қосқанда) 37 789 теӊге болады.

Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы мөлшері мүгедектік бойынша оныӊ себебі мен тобына байланысты еӊ төменгі күнкөріс деӊгейіне (тиісті қаржы жылына арналған "Республикалық бюджет туралы" ҚР Заӊымен белгіленеді); асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша - қарауындағы жандардыӊ саны мен еӊ төменгі күнкөріс деӊгейіне; жасына қарай - тек еӊ төменгі күнкөріс деӊгейіне тәуелді болады.

2016 жылдыӊ 1 қаӊтарынан бастап мүгедектік, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар мөлшері еӊ төменгі күнкөріс деӊгейініӊ өзгеруіне байланысты 7%-ға ұлғаятын болады.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасыныӊ Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтыӊ 2014 жылғы 17 қаӊтардағы "Қазақстан жолы - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ" атты Қазақстан халқына Жолдауындағы тапсырмаларды орындау мақсатында мүгедектік пен асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар мөлшері 2016 жылдыӊ 1 қаӊтарынан бастап тағы 25%-ға өседі.

Еӊбекке жарамсыздық пен асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорынан төленетiн әлеуметтiк төлемдердiӊ көлемі 7%-ға артатын болады.

№1 және №2 тізім бойынша арнайы мемлекеттік жәрдемақы мөлшері айлық есептік көрсеткіштіӊ артуына байланысты ұлғаятын болады. 2016 жылғы АЕК 2121 теӊгені құрап отыр (2015 жылы - 1982 теӊге).

Естеріӊізге сала кетейік, Қазақстанда ағымдағы жылғы 1 желтоқсандағы мәліметтерге сәйкес 1,9 млн-ға жуық зейнеткерлер бар, сондай-ақ, шамамен 664,6 мыӊ азамат жәрдемақы алып келеді.

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігініӊ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны