19.04.2017, 16:34 4662

2016 жылы электрондық портал арқылы 11,5 млн. астам тегін рецептілер берілді

Аталған порталды пайдалану дәрігердіӊ орнында отырып, рецепт жазуға мүмкіндік береді, амбулаторлық көмек көрсететін және тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ететін дәріханалар мен медициналық мекемелердіӊ өзара байланысын жеӊілдетеді. Тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету тізбесіне енгізілген дәрілік заттардыӊ толық тізімімен Дәрілік заттарды ұтымды пайдалану орталығы сайтынан (www.druginfo.kz) танысуға болады.

Астана. 19 сәуір. Kazakhstan Today -2016 жылы "Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету" ақпараттық жүйесі" (бұдан әрі - ДҚАЖ) электрондық порталыныӊ көмегімен 11,5 млн. артық дәрілік заттар алу үшін тегін рецептілер берілді.

ДҚАЖ - дәрігердіӊ жеке коды арқылы пациентке берілетін электронды үлгідегі рецептілер порталы. Ол ТМККК шеӊберінде бекітілген тізбеге сәйкес, амбулаторлық жағдайда тегін демалыс алушы азаматтардыӊ дәрі-дәрмекті қолдану деӊгейін сараптауға, талдау жүргізуге жағдай жасайды.

Аталған порталды пайдалану дәрігердіӊ орнында отырып, рецепт жазуға мүмкіндік береді, амбулаторлық көмек көрсететін және тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ететін дәріханалар мен медициналық мекемелердіӊ өзара байланысын жеӊілдетеді. Тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету тізбесіне енгізілген дәрілік заттардыӊ толық тізімімен Дәрілік заттарды ұтымды пайдалану орталығы сайтынан (www.druginfo.kz) танысуға болады.

Еске сала кетейік, ДҚАЖ электронды порталы 2014 жылдан бері бүкіл Қазақстан бойынша іске қосылған.ДҚАЖ қолдану халықты дәрімен қамтамасыз етудіӊ тиімділігін арттыру мақсатында және денсаулық сақтау жүйесін ашық түрде басқаруды қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны