14.01.2016, 15:44 4001

2017 жылға қарай қазақстандықтар ХҚКО-тарында 700-ге жуық мемлекеттік қызметтер ала алады - И.Исекешев

Министр еске салып өткендей, қазіргі уақытта 80-ге жуық мемлекеттік қызметті интернет немесе ұялы телефон арқылы алуға болады.

Астана. 14 қаӊтар. Kazakhstan Today - 2017 жылға қарай қазақстандықтар ХҚКО-тарында шамамен 700 мемлекеттік қызмет ала алады, деп мәлімдеді ҚР инвестициялар және даму министрі Исет Исекешев, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Қазір ХҚКО-тарында 200-ге жуық қызметтер ала алады. Биыл біз бірнеше құрылымдарды біріктіреміз және біздіӊ азаматтар ХҚКО-тарында 500-ден астам 530-ға жуық қызметтер алатын болады. Сонымен бірге, біз екі жылдыӊ ішінде жылжымайтын мүлікпен, жермен, активтермен, кепілдермен байланысты барлық операцияларды - 700-ден астам қызметті азаматтар ХҚКО-тарында алатындай етуді жоспарлап отырмыз", - деді И.Исекешев елордамыздыӊ ХҚКО-тарыныӊ біріндегі инвесторларға қызмет көрсету секторын таныстыруға қатысты өткен брифингте, деп хабарлайды primeminister.kz тілшісі.

Министр еске салып өткендей, қазіргі уақытта 80-ге жуық мемлекеттік қызметті интернет немесе ұялы телефон арқылы алуға болады.

"Біз мобильді жасаушы бойынша жұмыс жүргізудеміз және жыл сайын оныӊ үлесін арттырап отырамыз. Бұл ШОБ, халық және инвсеторлар үшін процедураларды маӊызды жеӊілдету, себебі оларға мемлекеттік органдарға барудыӊ қажеті болмайды. Бұл жемқорлықты және бюрократияны азайтып, бизнесте жылдам шешім қабылдауға мүмкіндік береді", - деп баса айтты ол.

Сонымен қатар, И.Исекешев "100 нақты қадам" Ұлт жоспары аясында мәліметке қолжетімділік бойынша жұмыс жүргізіліп жатқанын айтты.

Ол еске салып өткендей, Мемлекет басшысыныӊ тапсырмасына сәйкес қазіргі таӊда ХҚКО-тары базасында "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясын құру бойынша жұмыс жүргізілуде.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны