05.12.2016, 19:38 4033

2017 жылы Шымкент пен Түркістанда түркі әлемініӊ басын қосатын ауқымды іс-шаралар өтпек

Түркістан қаласыныӊ әкімі И.Өсербаев таяуда Изербайжанныӊ Шеки қаласында өткен ТҮРКСОЙ Тұрақты Кеӊесініӊ 34-ші отырысында Түркістан қаласын Түркі әлемініӊ 2017 жылғы мәдени астанасы етіп бекіту туралы шешім қабылданғанын қуанышпен айтып, облыс әкіміне Изербайжан мемлекетініӊ мәдениет министрініӊ арнайы сәлемдемесін, яғни Түркі әлемініӊ мәдени астанасы белгісін табыстады.

Шымкент. 5 желтоқсан. Kazakhstan Today - Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ әкімдігінде өӊір басшысы Ж.Түймебаевтыӊ төрағалығымен селекторлық жиын өтті, деп хабарлайды ОҚО әкімініӊ баспасөз қызметі.

Отырысқа облыстық басқарма басшылары мен аудан, қала әкімдері және әкімдіктіӊ тиісті сала басшылары қатысты.

Жиында сөз алған Түркістан қаласыныӊ әкімі И.Өсербаев таяуда Изербайжанныӊ Шеки қаласында өткен ТҮРКСОЙ Тұрақты Кеӊесініӊ 34-ші отырысында Түркістан қаласын Түркі әлемініӊ 2017 жылғы мәдени астанасы етіп бекіту туралы шешім қабылданғанын қуанышпен айтып, облыс әкіміне Изербайжан мемлекетініӊ мәдениет министрініӊ арнайы сәлемдемесін, яғни Түркі әлемініӊ мәдени астанасы белгісін табыстады.

Бұл өз кезегінде, Түркістан қаласыныӊ халықаралық деӊгейге көтерілуі үшін үлкен мүмкіндік екенін айтқан аймақ басшысы келер жылы Шымкент пен Түркістанда түркі әлемініӊ басын қосатын ауқымды іс-шаралар өтетінін мәлімдеді. Сондай-ақ, әкім көне Түркістанныӊ түркі әлемінде алар орны мен маӊыздылығына тоқтала келе оны мәӊгілікке қалдыруға қол жеткізуге мүмкіндік беретіндей абыроймен өткізу қажеттігіне назар аударды.

Мәжілістіӊ күн тәртібінде осы жылдыӊ соӊына дейін тапсырылатын құрылыс нысандары мен облыс аумағындағы жол-құрылыс жұмыстарыныӊ жағдайы, "Жұмыспен қамту 2020 жол картасы" бағдарламасыныӊ 1-ші бағытыныӊ орындалуы және құрылысы жүргізілген коммуналдық мәселелер жайы қаралды.

Бірінші мәселе бойынша баяндама жасаған облыстық құрылыс басқармасыныӊ басшысы С.Полатов облыста жыл соӊына дейін бірқатар әлеуметтік нысан пайдалануға берілетінін мәлімдеді.

Жиында мәлім болғандай, ел Тәуелсіздігі мерекесі қарсаӊында ОҚО Қазақстан халқы Ассамблеясыныӊ жаӊа ғимараты, Төлеби ауданы Киелітас ауылдық округі Султан Рабат ауылындағы ауысымына 50 адам қабылдайтын дәрігерлік амбулатория ал, Түлкібас ауданында түрлі әлеуметтік 20 нысан пайдалануға беріледі. Сонымен қатар, 25 жылдық мерейтойға Шымкент қаласы, әкімшілік іскерлік орталығында тоғызқабатты №1,2 тұрғын үйлер мен тоғызқабатты жатақхана, Сарыағаш ауданында 4 қабатты 36 пәтерлі тұрғын үй, Созақ ауданы, Шолаққорған ауылында бір пәтерлі 50 тұрғын үй және Түркістан қаласында 72 пәтерлі 9 қабатты екі үй мен 60 пәтерлі 5 қабатты екі үй, Түлкібас ауданында 32 және 64 пәтерлі екі көпқабатты тұрғын үй тапсырлады. Және Мақтаарал ауданында 125 орындық екі мектеп, Отырар, Төле би ауданындарында 6 спорт алаӊшалары, басқада аудандарда білім ошақтары мен мәдениет нысандары ел игілігіне беріледі деп жоспарлануда.

Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысыныӊ орынбасары А.Иліқұлов осы жылы республикалық және облыстық бюджеттен ауыз су және су бұру саласына 11,4 млрд. теӊге бөлініп, 35 жобаныӊ құрылысы жүргізіліп жатқанын жеткізді. Оныӊ ішінде 35 нысанныӊ 9-ы 2017 жылға өтпелі болса, ал қалған 26 нысан кезеӊ-кезеӊімен пайдалануға берілуде. Сонымен қатар, ол осы жылы республикалық және облыстық бюджеттен газ құбырын тарту бойынша 13,2 млрд. теӊге бөлініп, 34 нысанныӊ құрылысы жүргізілсе, оныӊ 25-і биыл ел игілігіне тапсырылатынын хабарлады.

Күн тәртібіндегі үшінші мәселе бойынша сөз алған облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасыныӊ басшысы Н.Байғұт биыл облыстық бюджет есебінен 305 нысанныӊ немесе 638,8 шақырым жол мен 17 көпірдіӊ құрылыс-жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқанын атап өтті. Мәселен, осы жылы 603,9 шақырым жол, 60,8 шақырым аяқжол, 17 көпір, 12 құбыр және 1 теміржол өткелі пайдалануға берілуі жоспарланса, оныӊ 126 нысаны ел игілігіне берілген.

"Жұмыспен қамту 2020 жол картасы" бағдарламасы шеӊберінде 562 инфрақұрылымдық жоба іске асырылып жатқанын бандаған облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасыныӊ басшысы И.Құралова жобалардыӊ 3 траншқа бөлінгенін хабарлады. Атап айтқанда, І және ІІ транш негізінде 84 жобаныӊ 83-і аяқталса, ІІІ транш бойынша 457 жобаныӊ 151-і аяқталған.

Күн тәртібіндегі мәселелердіӊ жайына қаныққан аймақ басшысы Ж.Түймебаев бірқатар салалар бойынша кемшіліктердіӊ бар екеніне тоқталып, аудан, қала әкімдеріне сын-ескертпелер жасады. Сондай-ақ, әкім салынып жатқан құрылыс нысандарыныӊ сапасына назар аударуды және құрылыстыӊ кестеге сай өз мерзімінде аяқталуын қадағалауды жүктеді.

Жұмыстыӊ жүйесіздігінен облыстағы салынған жолдар қайта бұзылып, газ, су құбырлары жүргізіліп жататындығын айтқан әкім алдағы уақытта жол мен көпір құрылысын салар алдында энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасымен бірлесе отырып іс-шара жоспарын бекітуді, ал елді мекендерге берілген көгілдір отынды әрбір абономентке жеткізілуін қамтамасыз ету үшін арнайы жаспар дайындалу қажеттігін міндеттеді. Жиынды қорытындылаған облыс әкімі жоғарыда аталған кемшіліктерді жою мақсатында тиісті сала басшыларына нақты бірқатар жүктемелер міндеттеді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны