17.08.2018, 19:17 11251

2018 жылғы 16 тамызда VI сайланған Алматы қаласы мәслихатыныӊ кезектен тыс ХХХІІ сессиясы өтті

Бостандық ауданындағы 46 атауы қайталанатын көшеге 17 көрнекті қайраткер тұлғаныӊ және 29 тарихи жер-су атаулары мен ұлттық танымға жақын дәстүрлі атаулар беріледі. Олардыӊ ішінде Еркеғали Рахмадиев, Фариза Оӊғарсынова, Дәнеш Рақышев, Николай Пальгов, Владимир Кацев, Ораз Ибішев, Батырхан Шүкенов, Балжан Бөлтірікова және т.б. көрнекті тұлғалар бар.

Алматы. 17 тамыз. Kazakhstan Today - 2018 жылғы 16 тамызда VI сайланған Алматы қаласы мәслихатыныӊ кезектен тыс ХХХІІ сессиясы өтті.

Сессия барысында келесі сұрақтар қарастырылды: "Алматы қаласы Алатау, Бостандық аудандарыныӊ көшелерін қайта атау туралы", "№ 34 сайлау округі бойынша депутатыныӊ өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтату туралы", "№ 36 сайлау округі бойынша депутатыныӊ өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтату туралы". Қазақстан Республикасы Үкіметініӊ 2014 жылғы 24 ақпандағы № 138 қаулысыныӊ негізінде Алматы қаласы Алатау ауданындағы 118, Медеу ауданындағы 46 көшеге көрнекті қайраткер тұлғалар мен тарихи жер-су атаулары және ұлттық танымға жақын дәстүрлі атаулар беру туралы ұсыныстар 2018 жылғы 28 сәуірдегі Алматы қаласы мәслихатыныӊ тұрақты комиссиясында бірауыздан қолдауға ие болды. Алматы қаласы әкімдігі жанындағы ономастика комиссиясында 2018 жылғы 18 мамырда қаралып, бірауыздан келісілді. Аталмыш мәселе 2018 жылғы 10 шілдеде Қазақстан Республикасы Үкіметініӊ жанындағы Республикалық ономастика комиссиясыныӊ оӊ қорытындысын алды. Алматы қаласы Алатау, Бостандық аудандарындағы қайталанатын 164 көшесініӊ атауы қайта аталатын болады. Атап айтсақ, Алатау ауданындағы 118 атауы қайталанатын көшеге 18 көрнекті қайраткер тұлғаныӊ және 100 тарихи жер-су атаулары мен ұлттық танымға жақын дәстүрлі атаулар. Ал, Бостандық ауданындағы 46 атауы қайталанатын көшеге 17 көрнекті қайраткер тұлғаныӊ және 29 тарихи жер-су атаулары мен ұлттық танымға жақын дәстүрлі атаулар беріледі. Олардыӊ ішінде Еркеғали Рахмадиев, Фариза Оӊғарсынова, Дәнеш Рақышев, Николай Пальгов, Владимир Кацев, Ораз Ибішев, Батырхан Шүкенов, Балжан Бөлтірікова және т.б. көрнекті тұлғалар бар. Сонымен қатар Қазына, Алдияр, Бес арыс, Жәдігер, Бесбақан секілді тарихи жер-су атаулары және ұлттық танымға жақын дәстүрлі атаулар енгізілді.

Сонымен қатар, аумақтық сайлау комиссиясыныӊ ұсынымы бойынша Алматы қаласы мәслихатыныӊ Түрксіб ауданы бойынша №34 және 36 сайлау округтерініӊ депутаттары Айбол Инуарұлы Бекмұхамбетов және Дмитрий Иванович Петрухинніӊ депутаттық өкілеттіктері мерзімнен бұрын тоқтатылды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны