19.09.2018, 16:20 4207

2018 жылы Ақтөбе облысында 5,5 млрд. теӊге көлемінде экологиялық шаралар өткізілді

Оныӊ айтуынша, ағымдағы жылы ірі кәсіпорындар табиғатты қорғау іс-шараларыныӊ жоспарына өзгерістер енгізген, сондай-ақ олардыӊ орындалуы ластаушы заттар эмиссиясыныӊ көлемін едәуір төмендеткен.

Ақтөбе. 19 қыркүйек. Kazakhstan Today - 2018 жылы Ақтөбе облысында 5,5 млрд. теӊге көлемінде экологиялық шаралар өткізілді.

Бұл туралы Өӊірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясы барысында Ақтөбе облысыныӊ экология департаментініӊ басшысы Жақсығали Иманқұлов мәлімдеді.

Оныӊ айтуынша, ағымдағы жылы ірі кәсіпорындар табиғатты қорғау іс-шараларыныӊ жоспарына өзгерістер енгізген, сондай-ақ олардыӊ орындалуы ластаушы заттар эмиссиясыныӊ көлемін едәуір төмендеткен.

"1-жартыжылдықта ауаға шығарылған шығындардыӊ көлемі 5,9% азайды. Нақты көлем 4,9%, ал орналастырылған қалдықтар 32,7% төмендеді. Сонымен қатар, мұнай компанияларымен жағылған газ көлемі 66,31 млн.м3 қысқартылды. Облыстыӊ өнеркәсіптік кәсіпорындары жалпы сомасы 5,5 млрд.теӊгені құрайтын 271 табиғатты қорғау шараларын іске асырды. Бұл Ақтөбедегі экологиялық жағдайды айтарлықтай жақсартты. Мәселен, 2016-2017 жылдары Қазгидрометтіӊ хабарлауынша,күкірт сутегімен атмосфералық ауаныӊ ластануыныӊ жоғары және өте жоғары 446 оқиғасы тіркелген, алайда ағымдағы жылы мұндай фактілер болмады ", - деді Ж.Иманқұлов.

Сонымен бірге, қаланыӊ кейбір аудандарында қысқа мерзімді сипатқа ие жағымсыз иістердіӊ болуы өзекті мәселе болып қала береді.

"Күкіртсутегі мен жағымсыз иістер шығарындыларыныӊ көздері-булану алаӊдарында орналасқан спиртсутегі кәсіпорындарыныӊ қалдықтары мен қатты тұрмыстық қалдықтар полигоны болып табылады. Осыған байланысты, "Экополис+" ЖШС барданыӊ жинақтауышын кешенді микробиологиялық тыӊайтқыштармен өӊдеу бойынша зерттеудіӊ оӊ нәтижелері алды. Ал, полигонға қатысты келсек, полигонды пайдаланатын кәсіпорындар ТҚҚ уақытында оқшаулау бойынша СанЕжН талаптарын сақтамайтындығы нәтижесінде атмосфералық ауаға метанныӊ, күкірт сутегініӊ және аммиактыӊ шығарылуына алып келіп соқтырады", - деп атап өтті департамент басшысы.

Сонымен қатар, өӊірде алдағы төрт жылға арналған ТҚҚ-ды қазіргі заманғы кәдеге жарату және қайта өӊдеу жөніндегі шаралар кешенді іске асырылуда. Бағдарлама шеӊберінде қалдықтарды бөлек жинауды енгізу, шағын және орта бизнес субъектілерін қалдықтарды қабылдау пункттерін құруға тарту, қалдықтарды қайта өӊдеу цехтарын ашу және т. б. бойынша халықпен жұмыс жүргізілуде.

Ақтөбе облысыныӊ Өӊірлік коммуникациялар қызметі

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны