17.01.2020, 13:28 10184

Маңғыстау облысы бойынша 2019 жылдың өткен кезеңінде сыбайлас жемқорлық ісі бойынша 25 тұлға жауапқа тартылған

Мониторинг БАҚ жарияланымдары, басқа да ақпараттық көздерінің хабарламалары, құқықтық статистикалық бағалау мәліметтерін жинақтап, талдау нәтижесімен жасалды.

Алматы. 21 қаңтар. Kazakhstan Today - ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша Департаменті 2019 жылдың 29-31 желтоқсан аралығына сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жасаған болатын.

Мониторинг БАҚ жарияланымдары, басқа да ақпараттық көздерінің хабарламалары, құқықтық статистикалық бағалау мәліметтерін жинақтап, талдау нәтижесімен жасалды.

Нәтижесінде 2019 жылдың өткен кезеңінде сыбайлас жемқорлық ісі бойынша 25 тұлға жауапқа тартылған, оның ішінде ішкі істер органдарының - 8 тұлғасы (жергілікті полиция қызметі - 5, полиция бөлімі - 2, Полиция Департаменті - 1) сонымен қатар жергілікті атқарушы органдарының қызметкерлері - 8 тұлға.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жасалған талдау нәтижесі бойынша құзырлы органдарға тиісті шаралар қолдану үшін ұсыныстар жолданды.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны