20.12.2020, 12:09 3620

Қазақстанда 20 желтоқсанға арналған коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдай

Нұр-Сұлтан. 20 желтоқсан. Kazakhstan Today - 2020 жылы 19 желтоқсан 23:59-дағы эпидемиологиялық жағдай бойынша Қазақстанда коронавирустың 146 584 жағдайы расталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Қазақстанда өткен тәулікте 652 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды.

Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 146 584. Аймақтар бойынша:

Шығыс Қазақстан облысы - 18 211 (+60);

Нұр-Сұлтан қаласы - 17 555 (+68);

Алматы қаласы - 17 460 (+51);

Атырау облысы - 12 512 (+74);

Қарағанды облысы - 11 666 (+32);

Батыс Қазақстан облысы - 8782 (+37);

Павлодар облысы - 8246 (+80);

Солтүстік Қазақстан облысы - 7903 (+66);

Қостанай облысы - 6810 (+66);

Ақмола облысы - 6573 (+59);

Алматы облысы - 6475 (+25);

Шымкент қаласы - 5452 (+3);

Жамбыл облысы - 4840 (+6);

Ақтөбе облысы - 3623 (+8);

Түркістан облысы - 3575 (+4);

Маңғыстау облысы - 3561 (+12);

Қызылорда облысы - 3340 (+1).

Қазақстанда өткен тәулікте 824 адам коронавирус індетінен емделіп шықты. Қазақстан бойынша жазылғандар саны - 130 776, деп хабарлайды COVID-19 таратпау жөніндегі ВАК.

Қазіргі уақытта коронавирус инфекциясынан 25 350 адам ем қабылдап жатыр. Еліміздегі стационарларда 4 482 науқас жатыр, 20 868 адам амбулаториялық жағдайда емделуде. Жалпы науқастардың арасында 259 адамның денсаулық жағдайы нашар. Соның ішінде 38 науқастың жағдайы өте ауыр деп бағалануда. 37 науқас жасанды тыныс алу аппаратында жатыр.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметтері бойынша, Қазақстанда 13 наурыз бен 20 желтоқсан аралығында коронавирустен жалпы 2 186 өлім тіркелді. Өткен тәулікте коронавирустық инфекцияға оң ПТР-тесті бар 6 науқас қайтыс болды.

Сонымен қатар, өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 25 жағдайы және 4 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 61 адам емделіп шықты.

1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 44 385, 474 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 32 183 жетті.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны