28.06.2016, 18:02 3902

20 жыл ішінде Иуе қорғанысы күштерініӊ Искери институты 2000-ға жуық отандық әскери авиаторды түлетіп ұшырды

Иуе қорғанысы күштерініӊ Искери институтына әскери авиациялық мамандарды дайындайтын білім ошағы ретінде 20 жыл толып отыр. Осы жылдар ішінде институт 2000-ға жуық офицерді түлетіп шығарды

Астана. 28 маусым. Kazakhstan Today - Иуе қорғанысы күштерініӊ Искери институтына әскери авиациялық мамандарды дайындайтын білім ошағы ретінде 20 жыл толып отыр. Осы жылдар ішінде институт 2000-ға жуық офицерді түлетіп шығарды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Мемлекетіміздіӊ құрылуы кезінде әскери авиаторларды дайындау Ақтөбе азаматтық авиация жоғары ұшу училищесініӊ базасында басталды. 1994 жылы училищеніӊ жанында ИИК-ніӊ әскери факультеті құрылып, курсанттардыӊ алғашқы іріктелуі жүзеге асырылды, деп хабарлады Қорғаныс министрлігініӊ баспасөз қызметі.

1996 жылы ұшу училищесі Кеӊес Одағыныӊ екі мәрте батыры Талғат Бигелдинов атындағы Ақтөбе жоғары әскери авиациялық училищесі болып қайта құрылды. Осы уақыттан бастап оқу орнындағы оқыту тек әскери мамандарды дайындауға баса мән берілді.

Қазақстан Қарулы Күштерініӊ авиациясына авиациялық мамандардыӊ барлық спектрі қажет болуына байланысты, тек ұшқыштарды дайындайтын бұрынғы оқу орнымен салыстырғанда АВИАУ-да мамандарды даярлау бірден 8, яғни, 4 инженерлік және 4 ұшу мамандығы бойынша дайындауды бастады.

Офицерлердіӊ алғашқы шығарылымы 1998 жылдыӊ 22 тамызында өтті. Оған Елбасы - Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерініӊ Жоғарғы Бас Қолбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев қатысты. 2003 жылы училище Иуе қорғанысы күштерініӊ Искери институты болып қайта аталды.

Искери оқу орныныӊ құрылуыныӊ 20 жылы ішінде ұшқыш нұсқаушылар Як-18Т, Ан-2, Ми-8, Л-39, Ан-26, Ес-145 сияқты әуе кемелерін игеріп, өздерініӊ пилотаждау тәжірибесімен бөлісе бастады. ЖОО-ныӊ біршама түлегі әскери бөлімдерде авиациялық техниканыӊ заманауи үлгілерін меӊгерді. Олар әртүрлі елдердіӊ Қарулы Күштері Искери-әуе күштерініӊ әртүрлі халықаралық жарыстарында, сондай-ақ авиациялық өнер көрсетуде еліміздіӊ намысын лайықты түрде қорғауда.

2012 жылы ИҚК Искери институты әскери-көліктік авиация мамандығына курсанттардыӊ алғашқы іріктелуін жүргізді. Оқу үдерісін іске асыру мақсатында Искери институттыӊ иелігіне екі көліктік ұшақ берілді. Оқу орныныӊ материалдық базасы да жетілдірілуде.

Искери институт оқу-жаттықтыру ұшағыныӊ жаӊа үлгісін алу және меӊгеру кезеӊінде тұрғанын, ал жеке құрам қойылған тапсырмаларды жоғары деӊгейде орындауды көздеп отырғанын айта кетейік.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны