22.12.2020, 11:16 3620

Қазақстанда 22 желтоқсанға арналған коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдай

Нұр-Сұлтан. 22 желтоқсан. Kazakhstan Today - 2020 жылы 21 желтоқсан 23:59-дағы эпидемиологиялық жағдай бойынша Қазақстанда коронавирустың 147 975 жағдайы расталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Қазақстанда өткен тәулікте 739 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды.

Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 147 975. Аймақтар бойынша:

Шығыс Қазақстан облысы - 18 354 (+75);

Нұр-Сұлтан қаласы - 17 719 (+106);

Алматы қаласы - 17 612 (+80);

Атырау облысы - 12 623 (+62);

Қарағанды облысы - 11 730 (+34);

Батыс Қазақстан облысы - 8867 (+45);

Павлодар облысы - 8389 (+68);

Солтүстік Қазақстан облысы - 8028 (+62);

Қостанай облысы - 6940 (++65);

Ақмола облысы - 6687 (+56);

Алматы облысы - 6556 (+40);

Шымкент қаласы - 5457 (+5);

Жамбыл облысы - 4858 (+10);

Ақтөбе облысы - 3634 (+5);

Түркістан облысы - 3585 (+5);

Маңғыстау облысы - 3591 (+17);

Қызылорда облысы - 3345 (+4).

Қазақстанда өткен тәулікте 821 адам коронавирус індетінен емделіп шықты. Қазақстан бойынша жазылғандар саны - 132 427, деп хабарлайды COVID-19 таратпау жөніндегі ВАК.

Қазіргі уақытта коронавирус инфекциясынан 25 126 адам ем қабылдап жатыр. Еліміздегі стационарларда 4 384 науқас жатыр, 20 742 адам амбулаториялық жағдайда емделуде. Жалпы науқастардың арасында 250 адамның денсаулық жағдайы нашар. Соның ішінде 47 науқастың жағдайы өте ауыр деп бағалануда. 44 науқас жасанды тыныс алу аппаратында жатыр.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметтері бойынша, Қазақстанда 13 наурыз бен 22 желтоқсан аралығында коронавирустен жалпы 2 200 өлім тіркелді. Өткен тәулікте коронавирустық инфекцияға оң ПТР-тесті бар 6 науқас қайтыс болды.

Сонымен қатар, өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 190 жағдайы және 4 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 119 адам емделіп шықты.

1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 44 604, 479 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 32 347 жетті.

Қазақстанның солтүстігінде 6 елді мекен карантинге жабылды.

Өңірдің мемлекеттік санитарлық дәрігері Арман Кушбасовтың ақпараты бойынша, Есіл ауданында төрт ауыл жабылды: Явленка, Ясновка, Николаевка, Петровка. М.Жұмабаев атындағы ауданда Таманское селосы Булаевода карантин енгізілді. Эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтануына және коронавируспен ауырғандар санының төмендеуіне байланысты Уәлиханов ауданының Кішкенекөл, Ақбұлақ ауылдарында, Қызылжар ауданының Бескөл ауылында, М.Жұмабаев атындағы ауданның Успенка, Тайынша және Петропавл қалаларында карантин алынып тасталды, деп хабарлайды Петропавловск.news.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны