22.05.2013, 10:07 4920

22 мамырдағы ауа райы болжамы

Қазақстан аумағының басым бөлігінде атмосфералық ағындардың өтуімен 22 мамырда кей жерлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, ұйтқыған жел тұрып, кейбір аудандарда шаңды дауыл соғады.

Астана. 22-мамыр. Kazakhstan Today - 22 мамырдағы ауа райы болжамы, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Қазақстан аумағының басым бөлігінде атмосфералық ағындардың өтуімен 22 мамырда кей жерлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, ұйтқыған жел тұрып, кейбір аудандарда шаңды дауыл соғады.

Республиканың оңтүстігінде ғана күн ашық болады, кейбір аудандарда тұман түседі, жел күшейеді, деп хабарлады ҚР ТЖМ баспасөз қызметі Қазгидрометке сілтеме жасап.

Жамбыл, Павлодар, күндіз Батыс Қазақстан облыстарында екпіні 15-20 м/с болатын ұйтқыған жел тұрады.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе облыстарының кейбір аудандарында найзағай ойнайды, ұйтқыған желдің екпіні 15-20 м/с-ке жетеді, Атырау облысында кей жерлерде шаңды дауыл көтеріледі.

Маңғыстау облысында кей жерлерде тұман түседі.

Қостанай облысында кей жерлерде найзағай ойнап, түнде кей жерлерде желдің күшеюі 15-20 м/с-ке, күндізгі ұйтқуы - 17-22 м/с-ке жетеді.

Республиканың батысында, оңтүстігінде және шығысында өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Таяудағы тәуліктерде республиканың оңтүстігіндегі, оңтүстік-шығысындағы және шығысындағы өзендердің көпшілігінде су деңгейі құбылады, Оңтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарының кейбір өзендерінде (Арыс, Бадам, Қара Ертіс, Бұқтарма, Об, Үлбі және басқалары) жауын-шашын түсуіне байланысты су деңгейінің көтерілуі байқалады, ШҚО-ның кейбір өзендері кемерінен асып, су басуы мүмкін. Қазақстанның жазықтықтағы аумақтарындағы өзендердің гидрологиялық режимінде айтарлықтай өзгерістер күтілмейді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны