19.01.2016, 13:50 4151

23 жыл бұрын ҚР ҚК тәрбиешілерініӊ институты құрылды

Искери қызметшілермен жұмыс жасауда жауынгерлік және моральдық рух негізгі басымдық болып қаралмайтын армия жоқ шығар сірә. Армия үшін барлық негіздердіӊ негізі және мұндағы маӊызды рөл тәрбиеші офицерлерге жүктелген. Олардыӊ міндеті нағыз әскери қызметші етіп тәрбиелеу.

Астана. 19 қаӊтар. Kazakhstan Today - Искери қызметшілермен жұмыс жасауда жауынгерлік және моральдық рух негізгі басымдық болып қаралмайтын армия жоқ шығар сірә. Армия үшін барлық негіздердіӊ негізі және мұндағы маӊызды рөл тәрбиеші офицерлерге жүктелген. Олардыӊ міндеті нағыз әскери қызметші етіп тәрбиелеу. Бүгінде Қазақстан Қарулы Күштері тәрбиешілерініӊ институты өзініӊ құрылу күнін атап өтуде. Дәл 19 қаӊтарда осыдан 23 жыл бұрын Қазақстан Республикасыныӊ Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтыӊ Жарлығымен елімізде командирлердіӊ тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыс жөніндегі орынбасарлары институты құрылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Бүгінде ҚР ҚК тәрбие құрылымдарыныӊ әскери қызметшілері - командирлік қасиетке, харизмаға, ерік-күшке, жеке құраммен жұмыс жасау және ұжымды жұмылдыру қабілеттілігіне ие мамандар. "2015 жыл сәтті болды, біз Ұлы Отан соғысындағы Жеӊістіӊ 70 жылдығына орай Құрлық әскерлерінде, Қазақ хандығыныӊ 550 жылдығы шеӊберінде көптеген ірі ауқымдағы іс-шаралар және 60-тан аса флешмоб өткіздік. Мақсатымыз - әскери қызметшілерге патриоттық тәрбие беру, оқу-жауынгерлік тапсмырмаларды сапалы орындау, өскелеӊ ұрпақты тәрбиелеу, жоғары моральдық рух, қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу", - деп атап өтті ҚР ҚК Құрдық әскерлері бас қолбасшысыныӊ тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары полковник Жұмабек Хасенов. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігі хабарлады.

23 жыл бұрын қолданыстағы тәрбиешілер институты қазақстандық армияда құрылып жатқан кезде қыруар жұмыс болды. Сол сәттен бастап тәрбие құрылымдарыныӊ офицерлері командирлермен бірлесіп бөлімшелерде моральдық-адамгершілік жағдайды қалпына келтіру, әскери қызметтіӊ беделі мен имиджін арттыру, жеке құрамныӊ ар-намысыныӊ қорғалуын қамтамасыз ету, әскери тәртіп пен құқықтық тәртіпті нығайту үшін үлкен тәрбие жұмысын атқарды.

"Қазіргі уақытта тәрбиешілердіӊ рөлі арта түсуде. Искери-теӊіз күштерінде тәрбиешілердіӊ штаты осындағы басқармалардағы жоғары буыннан бастап бөлімшелердегі төменгі буындармен аяқтай отырып, толық жасақталған.

Осы жылдан бастап жұмысымызға жауынгерлік кезекшілікті қамтамасыз ету қосылды. Себебі, әскери теӊізшілер жерден, өздерініӊ отбасыларынан ұзақ жырақта жүреді Онымен қоса әскери қызметшілердіӊ отбасыларымен жұмыс жасау бойынша міндеттер. Олар жағада қалып қояды және осы уақыт ішінде олардыӊ шешуді қажет ететін әлеуметтік-тұрмыстық және өзге де мәселелер туындайды", - деді ҚР ҚК Искери-теӊіз күштері бас қолбасшысыныӊ тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары 1-дәрежелі капитан Серік Борамбаев

"Бүгінде тәрбие құрылымдары офицерлерініӊ кәсіби қасиеттеріне жоғары талап қойылады, тәрбие және идеологиялық жұмыс жүйесін жетілдіру бойынша жаӊа тапсырмалар берілуде, сондай-ақ жеке құрамныӊ жоғары моральдық-психологиялық қасиеттері қалыптастырылуда", - деді Иуе қорғанысы күштері бас қолбасшысыныӊ тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары полковник Тұралы Қойшықұлов.

Олар өздерініӊ жұмысын ҚР ҚК барлық әскери бөлімдері мен түрлері, әскер тектері, өӊірлік қолбасшылықтыӊ бөлімшелерінде жүргізуде. Жұмыс әркез айқын көріне бермейді. Алайда, армияныӊ жоғары жауынгерлік рухы, тәрбие алып жүрген ұжымныӊ жұмылуы және мұқалмауы - соныӊ жақсы бір дәлелі.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны