26.01.2021, 16:24 5999

Қазақстанда 26 қаңтарға арналған коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдай

Нұр-Сұлтан. 26 қаңтар. Kazakhstan Today - 2021 жылғы 25 қаңтар 23:59-дағы эпидемиологиялық жағдай бойынша Қазақстанда коронавирустың 179 720 жағдайы расталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today. 
 
Қазақстанда өткен тәулікте 1 266 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды. 
 
Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 179 720. Аймақтар бойынша:
 
Нұр-Сұлтан қаласында - 21 576 (+91); 
 
Алматы қаласында - 21 408 (+132); 
 
Шығыс Қазақстан облысында - 19 880 (+45); 
 
Атырау облысында - 15 682 (+84); 
 
Қарағанды облысында - 13 387 (+79); 
 
Павлодар облысында – 12 109 (+197); 
 
Батыс Қазақстан облысында - 10 490 (+97); 
 
Солтүстік Қазақстан облысында - 10 324 (+110); 
 
Ақмола облысында - 9733 (+215); 
 
Қостанай облысында - 9591 (+104); 
 
Алматы облысында - 8862 (+71); 
 
Шымкент қаласында - 5803 (+7); 
 
Жамбыл облысында - 5447 (+21); 
 
Түркістан облысында - 4010 (+8); 
 
Маңғыстау облысында - 3973 (+2); 
 
Ақтөбе облысында - 3898 (+0); 
 
Қызылорда облысында - 3547 (+3).
 
Қазақстанда өткен тәулікте 1445 адам коронавирус індетінен емделіп шықты. Қазақстан бойынша жазылғандар саны - 161 758, деп хабарлайды COVID-19 таратпау жөніндегі ВАК. 
 
26 қаңтардағы жағдай бойынша КВИ-дан 27 134 адам (15 467 КВИ+ және 11 667 КВИ–) ем алуды жалғастыруда, оның ішінде 6 576 науқас стационарларда, ал 20 558 науқас амбулаториялық деңгейде. 
 
КВИ+ және КВИ- науқастарының ішінде: 
 
• ауыр жағдайда – 285 науқас; 
 
• аса ауыр жағдайда – 43 науқас; 
 
• өкпені жасанды желдету (ӨЖЖ) аппаратында – 41 науқас. 
 
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметтері бойынша, Қазақстанда 13 наурыз бен 26 қаңтар аралығында коронавирустен жалпы 2 495 өлім тіркелді. Өткен тәулікте коронавирустық инфекцияға оң ПТР-тесті бар 15 науқас қайтыс болды. 
 
Сонымен қатар, 24 қаңтар 2021 жылы коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 8 жағдайы және 3 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 37 адам емделіп шықты. 
 
2020 жылдың 1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 47 445, 558 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 35 220 жетті. 

2021 жылғы 26 қаңтардағы Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес, Қазақстан коронавирус бойынша "қызыл" аймақта орналасқан.

"Қызыл" аймақта: Нұр-Сұлтан қ., Алматы қ., Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары орналасқан. 

"Сары" аймақта: Қарағанды облысы. 

"Жасыл" аймақта - қалған барлық өңірлер.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны