29.12.2020, 12:26 6023

Қазақстанда 29 желтоқсанға арналған коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдай

Нұр-Сұлтан. 29 желтоқсан. Kazakhstan Today - 2020 жылы 28 желтоқсан 23:59-дағы эпидемиологиялық жағдай бойынша Қазақстанда коронавирустың 153 199 жағдайы расталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Қазақстанда өткен тәулікте 739 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды.

Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 153 199. Аймақтар бойынша:

Шығыс Қазақстан облысы - 18 732 (+51);

Алматы қаласы - 18 243 (+80);

Нұр-Сұлтан қаласы - 18 219 (+70);

Атырау облысы - 13 274 (+124);

Қарағанды облысы - 11 989 (+39);

Батыс Қазақстан облысы - 9119 (+45);

Павлодар облысы - 8900 (+58);

Солтүстік Қазақстан облысы - 8454 (+60);

Қостанай облысы - 7387 (++61);

Ақмола облысы - 7081 (+55);

Алматы облысы - 6971 (+66);

Шымкент қаласы - 5496 (+2);

Жамбыл облысы - 4965 (+18);

Ақтөбе облысы - 3671 (+2);

Маңғыстау облысы - 3671 (+4);

Түркістан облысы - 3652 (+3);

Қызылорда облысы - 3375 (+1).

Қазақстанда өткен тәулікте 841 адам коронавирус індетінен емделіп шықты. Қазақстан бойынша жазылғандар саны - 140 684, деп хабарлайды COVID-19 таратпау жөніндегі ВАК.

29 желтоқсандағы жағдай бойынша КВИ-дан 22 322 адам (10 248 КВИ+ және 12 074 КВИ–) ем алуды жалғастыруда, оның ішінде 5 104 науқас стационарларда, ал 17 218 науқас амбулаториялық деңгейде.

КВИ+ және КВИ- науқастарының ішінде:

• ауыр жағдайда – 252 науқас;

• аса ауыр жағдайда – 49 науқас;

• өкпені жасанды желдету (ӨЖЖ) аппаратында – 44 науқас.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметтері бойынша, Қазақстанда 13 наурыз бен 29 желтоқсан аралығында коронавирустен жалпы 2 267 өлім тіркелді. Өткен тәулікте коронавирустық инфекцияға оң ПТР-тесті бар 8 науқас қайтыс болды.

Сонымен қатар, өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 18 жағдайы және 3 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 63 адам емделіп шықты.

1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 45 460, 493 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 32 893 жетті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны