07.08.2017, 19:37 4298

391 қызылордалық өзге облыстарда жұмыс істеуге ұсыныс білдірген

"Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту" бағдарламасы аясында жұмыс күші тапшы өӊірлердегі сұранысқа орай 391 қызылордалық өзге облыстарда жұмыс істеуге ұсыныс білдірген.

Қызылорда. 7 тамыз. Kazakhstan Today - "Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту" бағдарламасы аясында жұмыс күші тапшы өӊірлердегі сұранысқа орай 391 қызылордалық өзге облыстарда жұмыс істеуге ұсыныс білдірген.

Бұл туралы облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасыныӊ басшысы Мұрат Ергешбаев Өӊірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында мәлімдеді. Оныӊ айтуынша, басқа облыста жұмыс істеуге ниетті жандарға бір реттік қайтарымсыз қаржы беріліп, баспанамен қамтамасыз етілмек.

Баспасөз-конференциясында басқарма тарапынан атқарылған жұмыс та баяндалды. Облыста "2017-2021 жылдарға арналған нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту" бағдарламасы жүйелі жүзеге асуда. Оған 4,1 млрд. теӊге бөліген. Бағдарламаға қатысушы ретінде 7067 адам енгізілді.

Жастар тәжірибесіне мекеме, кәсіпорындарға 886 адам жолданды, соныӊ ішінде 49-ы тұрақты жұмысқа орналасты.

Өткізілген акциялар аясында 4328 адамға 20,5 млн. Теӊгеніӊ қайырымдылық көмегі көрсетілді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны