01.12.2019, 18:52 20518

Қызылорда қалалық сотының үкімімен әділет майорына 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды

2019 жылғы қарашада №2 Қызылорда қалалық сотының үкімімен аталған лауазымды тұлға пара алғаны үшін айыпты болып танылды және оған арнаулы атағынан айыру, мемлекеттік қызметте лауазым атқаруға өмір бойы тыйым салумен 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды.

Алматы. 1 желтоқсан. Kazakhstan Today - Қызылорда облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі осыған дейін сыбайлас жемқорлық қылмысын жасағаны үшін күдікті болған "Қызылорда облысы Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті" РММ басшысының бірінші орынбасары, әділет майоры Т.К.Тұрсынбаевқа қатысты тергеу жүргізген болатын.

Ол бағынышты қызметкерден қызметтегі жалпы қамқорлығы үшін 132 мың теңге көлемінде пара алуда күдікті болған.

А.ж. қарашада №2 Қызылорда қалалық сотының үкімімен аталған лауазымды тұлға пара алғаны үшін айыпты болып танылды және оған арнаулы атағынан айыру, мемлекеттік қызметте лауазым атқаруға өмір бойы тыйым салумен 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны