03.05.2012, 12:36 3023

3 мамырда Қазақстанның басым бөлігінде күшті жел тұрып, нөсерлі жаңбыр жауады деп болжануда

Ақмола облысында 15-20 м/с жылдамдықта, екпіні 25 м/с дейін жететін жел тұрып, күн күркіреп, күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Қостанай, Батыс Қазақстан, түнде Атырау облыстарында - кей жерлерде 15-22 м/с жылдамдықпен жел тұрып, түнде Батыс Қазақстан облысында тұман түседі деп болжануда.

Астана. 3-мамыр. Kazakhstan Today - 3 мамырда Қазақстанның басым бөлігінде күшті жел тұрып, нөсерлі жаңбыр жауады деп болжануда, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Қазгидромет" РМК хабарлауынша, Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық ағым салаларының жүруіне байланысты жаңбыр жауып, найзағай ойнап, күшті жел тұрады.

Ақмола облысында 15-20 м/с жылдамдықта, екпіні 25 м/с дейін жететін жел тұрып, күн күркіреп, күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Қостанай, Батыс Қазақстан, түнде Атырау облыстарында - кей жерлерде 15-22 м/с жылдамдықпен жел тұрып, түнде Батыс Қазақстан облысында тұман түседі деп болжануда.

Маңғыстау облысында түнде жағалауға тұман түседі. Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстарында кей жерлерде 15-23 м/с жылдамдықпен жел соғып, күндіз жекелеген аудандарда бұршақ жауады, Шығыс Қазақстан облысында топырақ аралас жел тұрады. Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде 17-22 м/с жел соғып, күн күркіреп, жекелеген жерлерге тұман түседі.

Қарағанды облысында - 15-20 м/с, кей жерлерде 25 м/с жел соғады, бұршақ жауады деп болжануда. Павлодар облысында - 17-22 м/с жылдамдықта жел. Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарында кей жерлерде 17-22 м/с жылдамдықпен жел соғып, күн күркірейді. Алматы, Жамбыл облыстарында - жел 15-22 жылдамдықпен соғады, екіпіні 25 м/с дейін барады, күн күркіреп, Алматы облысында бұршақ жаууы мүмкін.

Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында кей жерлерде жоғары өрт қауіпті жағдай сақталады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны