16.10.2015, 19:27 4017

4500-ден аса қазақстандық ҚР ҚМ әскери-техникалық мектептерінде дайындықтан өтті

Белгілі бір жағдайлар бойынша бұдан бұрын әскери қызмет өткермеген 22 мен 27 жас аралығындағы 4 566 қазақстандық 2015 жылы ақылы негізде әскери-оқытылған резервті даярлау бағдарламасы бойынша әскери мамандықтарды оқып-үйренді

Астана. 16 Қазан. Kazakhstan Today - Белгілі бір жағдайлар бойынша бұдан бұрын әскери қызмет өткермеген 22 мен 27 жас аралығындағы 4 566 қазақстандық 2015 жылы ақылы негізде әскери-оқытылған резервті даярлау бағдарламасы бойынша әскери мамандықтарды оқып-үйренді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Дайындық Қорғаныс министрлігініӊ мамандандырылған ұйымдарында, яғни, әскери-техникалық мектептерінде жүргізіледі. Қазір ол мектептер Қазақстанныӊ 15 қаласында бар. Іріктеу бір жыл бойы жүргізіледі. Үміткерлер медициналық комиссиядан өтеді, одан кейін 40 күнге нағыз әскери қызметшіге айналады, қызмет өткереді, әскери істі зерделейді. Дайындық атқыш, оқшашаршы, гранатаатқыш мамандығы бойынша жүргізіледі.

Бір жарым айлық оқудан кейін бітіру емтихандары. Қызметті сәтті атқарған жігіттер әскери мамандық бойынша біліктілік және сертификатқа ие болады, соныӊ негізінде Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы әскери билет беріледі. Искери комиссариаттар "қатардағы жауынгер" әскери атағын бере отырып, әрбіреуін әскери міндеттініӊ есебіне (жұмылдыру резервіне) қояды.

Оқу кезеӊінде оқу демалыстары ұсынылады, сондықтан әрбір оқып-үйренушініӊ жұмыс немесе оқу орны кепілді түрде сақталады.

2013-2014 жылдары 10 000-нан аса қазақстандық ақылы қызмет өткерді. Орта-Азия өӊірініӊ елдері арасында мұндай қызмет Қырғызстан мен Өзбекстанда қолданылып жүр.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны