04.02.2021, 17:10 7942

Қазақстанда 4 ақпанға арналған коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдай

Нұр-Сұлтан. 4 ақпан. Kazakhstan Today - 2021 жылғы 3 ақпан 23:59-дағы эпидемиологиялық жағдай бойынша Қазақстанда коронавирустың 191 639 жағдайы расталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today. 
 
Қазақстанда өткен тәулікте 1 280 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды. 
 
Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 191 639. Аймақтар бойынша: 
 
Нұр-Сұлтан қаласында - 22 643 (+153); 
 
Алматы қаласында - 22 439 (+111); 
 
Шығыс Қазақстан облысында - 20 470 (+63); 
 
Атырау облысында - 16 291 (+58); 
 
Павлодар облысында - 14 313 (+230); 
 
Қарағанды облысында - 14 096 (+80); 
 
Ақмола облысында – 11 497 (+168); 
 
Батыс Қазақстан облысында - 11 307 (+109); 
 
Солтүстік Қазақстан облысында - 11179(+70); 
 
Қостанай облысында - 10 563 (+85); 
 
Алматы облысында - 9485 (+70); 
 
Шымкент қаласында - 5905 (+9); 
 
Жамбыл облысында - 5614 (+10); 
 
Түркістан облысында - 4148 (+23); 
 
Маңғыстау облысында - 4081 (+16); 
 
Ақтөбе облысында - 3981 (+18); 
 
Қызылорда облысында - 3627 (+7).
 
Қазақстанда өткен тәулікте 1 110 адам коронавирус індетінен емделіп шықты. Қазақстан бойынша жазылғандар саны - 172 209, деп хабарлайды COVID-19 таратпау жөніндегі ВАК. 
 
4 ақпандағы жағдай бойынша КВИ-дан 27 886 адам (16 854 КВИ+ және 11 032 КВИ–) ем алуды жалғастыруда, оның ішінде 5 799 науқас стационарларда, ал 22 087 науқас амбулаториялық деңгейде. 
 
КВИ+ және КВИ- науқастарының ішінде: 
 
• ауыр жағдайда – 259 науқас; 
 
• аса ауыр жағдайда – 57 науқас; 
 
• өкпені жасанды желдету (ӨЖЖ) аппаратында – 53 науқас. 
 
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметтері бойынша, Қазақстанда 13 наурыз бен 4 ақпан аралығында коронавирустан жалпы 2 576 өлім тіркелді. Өткен тәулікте коронавирустық инфекцияға оң ПТР-тесті бар 11 науқас қайтыс болды. 
 
Сонымен қатар, 2 ақпан 2021 жылы коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 82 жағдайы және 2 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 253 адам емделіп шықты. 
 
2020 жылдың 1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 48 087, 573 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 36 482 жетті. 
 
2021 жылғы 4 ақпандағы Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес "қызыл" аймақта: Ақмола, Павлодар, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстары орналасқан. 
 
"Сары" аймақта: Нұр-Сұлтан қ., Атырау, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Қарағанды облыстары. 
 
"Жасыл" аймақта - қалған барлық өңірлер. 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны