17.11.2012, 11:56 2608

60 мыңнан астам адам Жұмыспен қамту бағдарламасы аясында оқу оқуда

ҚР Еңбек және халықты жұмыспен қамту министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2012 жылғы 9 айдың қорытындысы бойынша "Жұмыспен қамту-2020" бағдарламасы шеңберінде 60 мыңнан астам адам оқу оқуда.

Астана. 17-қараша. Kazakhstan Today - 60 мыңнан астам адам Жұмыспен қамту бағдарламасы аясында оқу оқуда, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР Еңбек және халықты жұмыспен қамту министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2012 жылғы 9 айдың қорытындысы бойынша "Жұмыспен қамту-2020" бағдарламасы шеңберінде 60 мыңнан астам адам оқу оқуда.

"Оқуға барлығы 61 025 адам тартылған. Оның ішінде 48 075 адам кәсіби даярлықтан өтіп жатса, 10 874 адам қайта даярлаудан өтуде, 2 076 адам біліктілігін көтеруде", - делінген ведомство хабарламасында.

Қазіргі уақытта 24 181 адам оқуын аяқтап, олардың 18 491 жұмысқа орналастырылды. 17 360 адам тұрақты жұмысқа, 645 адам әлеуметтік жұмыс орындарына, 395 адам жастар практикасына жұмысқа қабылданды.

Бұдан басқа, әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру үшін 5 884 жұмыс берушімен келісім шарт жасалды, осының арқасында 25 870 жұмыссыз азамат жұмысқа орналастырылды. Орташа айлық жалақы 45,1 мың теңгені құрайды.

Ақпаратта атап өтілгендей, жастар практикасына 22 258 адам жіберілген, бұл жоспардың 143,3 % құрайды. Жастар практикасына қатысуды аяқтаған 6 123 адамның 1449-ы тұрақты жұмыс орындарына қабылданды.

Халықты жұмыспен қамту ҚР Үкіметінің басым бағыттарының бірі болып табылады. Мемлекет басшысының 2012 жылғы Жолдауында кең көлемді "Жұмыспен қамту-2020" бағдарламасын жүзеге асыруды бастауды тапсырған болатын.

ҚР Статистика агенттігінің алдын ала мәліметтеріне қарағанда, 2012 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша еліміздегі жұмыссыздық деңгейі 2010 жылғы 5,8 %-тен 2012 жылғы үшінші тоқсанда 5,2 % дейін төмендеген. Жұмыспен қамтылғандар саны 396 мың адамға артып, 8,540 млн адамды құраған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны