15.04.2020, 17:15 6845

68 ерікті Атырауда арнайы жиынға қатысуда

Атырау облысы әкімінің шешімімен арнайы жиындарға қатысуға ниет білдірген еріктілер қатарынан 68 әскери қызметші шақырылды.

Алматы. 15 сәуір. Kazakhstan Today - 68 ерікті Атырауда арнайы жиынға қатысуда.

Атырау облысы әкімінің шешімімен арнайы жиындарға қатысуға ниет білдірген еріктілер қатарынан 68 әскери қызметші шақырылды.

Арнайы жиынға шақырылмас бұрын, әскери қызметке жарамды барлық адамдар зерттеліп, Атырау облысының қорғаныс істері жөніндегі департаментінде медициналық комиссия арқылы өткізілді. Жиынға қатысуша әскери қызметшілер мамандықтары мен тәжірибесіне сәйкес үш түрлі бөлімге бөлінді. Бұл аурухана бөлімі, РХБ қорғаныс взводы және атқыштар взводы. Әскери қызметке шақырылушылардың негізгі міндеттеріне коронавирустың таралуын болдырмау жөніндегі жедел штабтың жұмысына қатысу, блокпосттарда қызмет ету, қала аумақтарын дезинфекциялау, инфекция ошақтары бар объектілерді күзету және медициналық көмек көрсету кіреді.

Жиындар 10 сәуір мен 10 мамыр аралығында өтеді деп күтілуде, алайда өңірде қалыптасқан жағдайларға сәйкес олының мерзімі үш айға дейін созылуы мүмкін. Арнайы жиын кезінде шақырылған азаматтар Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшісі мәртебесін алады және "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Заңға сәйкес оларға барлық әлеуметтік жеңілдіктер қолданылады. Атап айтқанда, медициналық көмек, киіммен және тамақпен қамтамасыз етіледі.

Сонымен қатар, арнайы жиынның барысында әскери қызметке жарамды адамдар жұмыс орнын және лауазымын сақтайды, оларға орташа жалақы төленеді, ал жұмыс істемейтін адамдарға мемлекет есебінен ең төменгі жалақы мөлшері 42 500 теңге төленетін болады.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны