10.01.2012, 16:31 3760

6 үміткер партиялық тізімнен шығырылды

"Партиялық тізімге енгізілген адамдардың және олардың жұбайларының декларацияда көрсеткен табысы мен мүлкі туралы мәліметтердің дұрыс еместігі анықталуына байланысты ОСК "Нұр Отан" партиясының партиялық тізімінен 1 адамды, Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының партиялық тізімінен 2 адам, "Ауыл" партиясынан 1 адам, "Иділет" партиялық тізімінен 1 адам, Қазақстанның патриоттары партиясы партиялық тізімінен 1 адамды шығару жөнінде қаулы етті", - деп мәлімдеді Б.Мелдешов.

Астана. 10-қаңтар. Kazakhstan Today - Түрлі тәртіп бұзушылыққа байланысты 6 үміткер партиялық тізімнен шығырылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы бүгін Орталық сайлау комиссиясының мәжілісінде ОСК хатшысы Бақыт Мелдешев хабарлады.

"Партиялық тізімге енгізілген адамдардың және олардың жұбайларының декларацияда көрсеткен табысы мен мүлкі туралы мәліметтердің дұрыс еместігі анықталуына байланысты ОСК "Нұр Отан" партиясының партиялық тізімінен 1 адамды, Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының партиялық тізімінен 2 адам, "Ауыл" партиясынан 1 адам, "Иділет" партиялық тізімінен 1 адам, Қазақстанның патриоттары партиясы партиялық тізімінен 1 адамды шығару жөнінде қаулы етті", - деп мәлімдеді Б.Мелдешов.

"Нұр Отан" халықтық-демократиялық партиясының партиялық тізімінен Владимир Бобров, Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының партиялық тізімінен Болат Ибілев пен Гүлжан Ерғалиева, Социал-демократиялық "Ауыл" партиясынан Қуаныш Ибуов, "Иділет" демократиялық партиясының тізімінен Махаббат Жұтаев, Қазақстанның патриоттар партиясынан Дәурен Қайып алынып тасталды", - деп түсіндірді ОСК хатшысы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны