02.04.2021, 20:28 9537

Алматыға үш айда коронавирусқа қарсы вакцинаның 750 мың дозасы түседі

АЛМАТЫ. 2 СӘУІР - Үш ай ішінде Алматы коронавирусқа қарсы вакцинаның 250 мың дозасын алады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Бүгін Алматыдағы эпидемиологиялық ахуалға арналған онлайн-баспасөз конференциясында қала әкімі Бақытжан Сағынтаев оңтүстік астанада тұрғындарын жаппай вакциналаудың қашан басталатынына жауап берді. Қала әкімінің айтуы бойынша, сәуір айында 250 егу пункттерін ашу жоспарлануда. Оның ішінде ірі сауда орындарында да екпе пункттері жұмыс істейтін болады.
 
Қоғамдық денсаулық басқармасы ашылатын вакциналау пункттерін қажетті медициналық жабдықтармен және мамандармен қамтамасыз ететін болады. Ал қаржылық шығындарды есептеуді Алматы әкімдігінің Стратегия және бюджет басқармасы жүзеге асырады.
 

Онлайн-баспасөз конференциясында Бақытжан Сағынтаев коронавирусқа қарсы жаппай вакциналау жүргізілген жағдайда, оны жұқтыратын адамдар санының күрт азаятынын айтты. Оған сәйкес вирустың айналымы күрт төмендейтін болады.
 
Б. Сағынтаев бүгінде қалаға коронавирустық инфекцияға қарсы 21 850 доза вакцинаның жеткізілгенін айтты. Сәуірден маусым аралығында Алматы вакцинаның қосымша 750 мың дозасын алады – айына 250 мың дозадан.
 

Жалпы вакциналаудың қалыпты өмір салтына оралуға және карантиндік шектеулерді біртіндеп жеңілдетуге мүмкіндік береді. Вакцина – аурудың алдын алудың ең сенімді әрі барынша тиімді шарасы, яғни вакцина емдемейді, қорғайды", - деді әкім.

 
Бұдан бұрын хабарланғандай, екі ай ішінде Қазақстан халқының 0,1% ғана екпе ектірген. Кеше Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі коронавирус індетіне байланысты эпидемиологиялық ахуал жөнінде кеңес барысында халықты вакцинациялау жұмысына наразылығын білдірген болатын. Мемлекет басшысы "вакцинацияның кешіктірілуі абстрактілі мәселе емес" деп мәлімдеді. 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны