31.03.2011, 15:00 7816

76 жасқа қараған шағында Людмила Гурченко өмірден озды

76 жасқа қараған шағында Людмила Гурченко өмірден озды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Алматы. 31 - наурыз. Kazakhstan Today - 76 жасқа қараған шағында Людмила Гурченко өмірден озды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Хабар агенттігінің хабарлауынша, кеше Мәскеуде 76 жасқа қараған шағында белгілі театр және кино актрисасы, КСРО халық әртісі Людмила Гурченко өмірден озды.

"Людмила Гурченко сәрсенбі күні өз үйінде қайтыс болды", деп хабарлайды оның маңайындағы жақындарының бірі. Людмила Марковнаның жағдайы нашарлаған соң жедел жәрдем шақырдық, бірақ дәрігерлер оған көмектесе алмады, дейді ол.

Таяуда ғана актриса күрделі операция жасатқан болатын. Людмила Гурченконың жұбайы, продюсер Сергей Сениннің айтуынша, бұл актрисаның жамбасына жасалған хирургиялық операцияның салдары болуы мүмкін.

Аты әйгілі актрисаның қазасы туралы хабардар болған жұрт Мәскеудегі ол тұрған үйдің алдына гүл шоқтарын әкеп жатыр.

Людмила Гурченко 1950 жылдардың ортасында режиссер Эльдар Рязанов түсірген "Карнавал түні" фильмінен соң көпшілікке танымал болды. Ол басты рольдерді сомдаған "Соғыссыз өткен жиырма күн", "Екеуге арналған вокзал", "Механик Гавриловтың сүйікті әйелі" сияқты фильмдер де кеңестік киноның таңдаулы туындылары қатарына енді.

Марқұмды дүйсенбі күні Мәскеу қаласындағы Новодевичье зиратында жерлейді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны