11.01.2016, 09:52 3973

7,5 павлодарлықты жылусыз қалдырған коммуналдық апат жойылды

"Павлодарэнерго" АҚ қоғаммен байланыс бөлімініӊ бастығы Асқар Шөмшековтіӊ хабарлауынша, қазіргі уақытта жылу магистралі жұмыс істеп тұр

Павлодар. 11 қаӊтар. Kazakhstan Today - Бүгін түнде 7,5 мыӊ павлодарлықты жылусыз қалдырған Катаев-Суворов көшелерініӊ қиылысындағы жылу магистраліндегі апат жойылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Павлодарэнерго" АҚ қоғаммен байланыс бөлімініӊ бастығы Асқар Шөмшековтіӊ хабарлауынша, қазіргі уақытта жылу магистралі жұмыс істеп тұр, деп хабарлайды pavlodarnews.kz тілшісі.

- Тұрғын үйлер жылу жүйесіне қосылды. Тұрғын үйлер, балабақша мен мектептіӊ ішкі жылу жүйесін реттеу жұмыстары жүргізілуде, - дейді А. Шөмшеков.

Еске сала кетейік, үстіміздегі жылдыӊ 9-қаӊтарында облыс орталығында сағат 14.00 шамасында Катаев-Сувров көшелерініӊ қиылысында диаметрі 700 мм болатын №10 жылу магистралі зақымданды. Салдарынан 25 тұрғын үй, балабақша мен мектеп жылусыз қалды. Павлодар қаласыныӊ әкімініӊ жетекшілігімен құрылған жедел штаб өкілдері мен сала мамандары бір жарым тәуліктен астам уақыт бойы коммуналдық апатты жою бағытында іс атқарды. "Павлодарэнерго" АҚ қоғаммен байланыс бөлімініӊ хабарлауынша, аталмыш оқыс оқиға бойынша арнайы тергеу жұмыстары жүргізілді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны