04.05.2012, 14:23 3250

7 мамыр - Отан қорғаушылар күні мемлекеттік мереке болатын болды

Алдағы 7 мамырда тәуелсіз Қазақстанның Қарулы Күштерінің құрылғанына 20 жыл толады. "Бұл күн - қазақстандықтардың ерлікке толы шежіресін және Отанға қызмет ету дәстүрінің сабақтастығын сипаттайды" деген Елбасы мерейтой қарсаңында құрметті ардагерлерді, әскери қызметшілерді, сондай-ақ барша қазақстандықтарды мерейлі мерекемен құттықтады.

Астана. 4-мамыр. Kazakhstan Today - 7 мамыр - Отан қорғаушылар күні мемлекеттік мереке болатын болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

7 мамыр - Отан қорғаушы күні Қазақстан Республикасының мемлекеттік мерекесі болады. Мемлекет басшысы, Республика Қарулы Күштері Жоғарғы Бас Қолбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің 20 жылдығы туралы" Бұйрыққа қол қойды.

Алдағы 7 мамырда тәуелсіз Қазақстанның Қарулы Күштерінің құрылғанына 20 жыл толады. "Бұл күн - қазақстандықтардың ерлікке толы шежіресін және Отанға қызмет ету дәстүрінің сабақтастығын сипаттайды" деген Елбасы мерейтой қарсаңында құрметті ардагерлерді, әскери қызметшілерді, сондай-ақ барша қазақстандықтарды мерейлі мерекемен құттықтады. Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев Үкіметке "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" заңға толықтыру енгізу туралы" Заң жобасын әзірлеп, Парламентке жолдауды тапсырды. Қорғаныс министрлігі еліміздің Қарулы Күштер құрамында қызметін абыройлы атқарып жүрген азаматтарды марапаттау мен мерекені атап өту ұйымдастыру туралы міндеттеме алды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны