03.07.2015, 17:15 3644

7 және 13 шілде аралығында Маӊғыстау және Қарағанды облыстарыныӊ шалғай ауылдарыныӊ тұрғындары әлеуметтік маӊызды аурулар бойынша тегін медициналық көмек алатын болады

"Денсаулық жолы - 2015" республикалық акция шеӊберінде 2015 жылғы 7 және 13 шілде аралығында жылжымалы медициналық кешеӊдер Маӊғыстау облысыныӊ Мұнайлы және Бейнеу аудандарыныӊ шалғай ауылдарына барып, тұрғындар скринингтік тексерулерден өтіп, әлеуметтік маӊызды аурулар бойынша тегін медициналық көмек алатын болады

Астана. 03 Шілде. Kazakhstan Today - "Денсаулық жолы - 2015" республикалық акция шеӊберінде 2015 жылғы 7 және 13 шілде аралығында жылжымалы медициналық кешеӊдер Маӊғыстау облысыныӊ Мұнайлы және Бейнеу аудандарыныӊ шалғай ауылдарына барып, тұрғындар скринингтік тексерулерден өтіп, әлеуметтік маӊызды аурулар бойынша тегін медициналық көмек алатын болады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

13 шілдеде терапевтерден, кардиологтардан, хирургтерден, педиатрлардан, гинекологтардан, офтальмологтардан, стоматологтардан және зертханалық-диагностикалық қызметініӊ (УДЗ, ЭКГ, рентген зерттеулері) мамандарынан құрылған жұмылдыру топтарыныӊ Қарағанды облысыныӊ Ақтоғай ауданына шығуы ұйымдастырылытын болады.

Профилактикалық тексерулерді өткізуге және консультативтік-диагностикалық көмек көрсетуге Қарағанды, Жезқазған және Балқаш қалаларыныӊ медициналық қызметкерлері тартылады.

Ақтоғай ауданынан кейін 4 жылжымалы медициналық кешеӊ Бұқар жырау және Қарқаралы аудандарына жіберіледі.

Ауыл тұрғындарына салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелері, әлеуметтік маӊызды аурулар бойынша оқу-ақпараттық және тәжірибелік көмек көрсету мақсатында ағымдағы жылғы 1 шілде мен 31 тамыз аралығында республиканыӊ барлық өӊірінде "Денсаулық жолы - 2015" кеӊ көлемдегі акциясы өтетіндігін естеріӊізге саламыз.

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігініӊ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны