31.05.2019, 13:45 12081

Елордалық әділет департаменті басшысының орынбасары 9 жыл бас бостандығынан айыру жазасына тартылды

Сондай-ақ сот шешімімен оның сыбайлас қатысушылары - елордалық әділет департаментінің атқару өндірісін қамтамасыз ету басқармасының басшысы Е. Дәулетбаев және аға сот орындаушысы - елордалық әділет департаментінің Алматы аумақтық бөлімінің басшысы Г. Манапова - сәйкесінше 9 және 5 жыл бас бостандығынан айыру жазасына тартылды.

Нұр-Сұлтан. 31 мамыр. Kazakhstan Today - Нұр-Сұлтан қаласының Есіл аудандық сотының үкімімен елордалық әділет департаменті басшысының орынбасары Р. Рамазанов "Астана қалалық жарық" ЖШС шоттарынан тыйым салуды алу үшін 22 млн. теңге пара алуға оқталғаны үшін кінәлі деп танылып, 9 жыл бас бостандығынан айыру жазасына тартылды.

Сондай-ақ сот шешімімен оның сыбайлас қатысушылары - елордалық әділет департаментінің атқару өндірісін қамтамасыз ету басқармасының басшысы Е. Дәулетбаев және аға сот орындаушысы - елордалық әділет департаментінің Алматы аумақтық бөлімінің басшысы Г. Манапова - сәйкесінше 9 және 5 жыл бас бостандығынан айыру жазасына тартылды.

Сонымен бірге, бұрын Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросымен ҚР Қылмыстық-процестік кодексiнің 200-бабының аясында енгізілген ұсыным негізінде Әділет министрлігінің жауапты хатшысының бұйрығымен әділет департаментінің басшысы М. Әбілов атқарып отырған лауазымынан босатылған болатын, деп хабарлайды ҚР МҚІСЖҚА баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны