04.02.2019, 14:36 9309

Елордалық полицейлер балалар мекемесінің жанында қалдырылған автомашиналардан бірнеше рет ұрлық жасады деген күдік бойынша үш ер адамды ұстады

Астана тұрғындары автомашинаның салонынан құжаттар мен ақша салынған сөмке ұрланғаны туралы полицияға арызданған. Күдіктілер ұрлықты әйел адамдар балабақшаға балаларына кеткен кезде әйнекті сындыру арқылы жасаған.

Астана. 4 ақпан. Kazakhstan Today - Криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында балабақшалардың жанында автомашиналардан бірнеше рет ұрлық жасаған үш ер адамды ұстады.

Осылайша, елорда тұрғындары автомашинаның салонынан құжаттар мен ақша салынған сөмке ұрланғаны туралы полицияға арызданды. Күдіктілер ұрлықты әйел адамдар балабақшаға балаларына кеткен кезде шыныны сындыру арқылы жасаған.

Бұрын ұрлық үшін жауапқа тартылған күдіктілер Астана қаласы УҰИ қамауға алынды және сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Жәбірленушілер одан да көп болуы мүмкін. Мүмкін, полицияға арызданбағандар да бар шығар.

Полиция қызметкерлері аталған тұлғалардың қылмыстық әрекетінен зардап шеккен азаматтарға Бейбітшілік,19 мекенжайы бойынша Астана қаласы Полиция департаментіне немесе 8 (7172) 71-61-71; 71-62-47; 87021111441 телефондарына немесе "102"-ге хабарласуды сұрайды.

Аталған жағдайларға тап болмас үшін полиция қызметкерлері қарапайым сақтық шараларын сақтауды, яғни қылмыскерлердің назарын аударатын автокөлікте сөмкелерді, құжаттарды, аппаратураны, өзге де бағалы заттарды қалдырмауды ұсынады. Ұрлық жасамақшы болған кезде шыныңызды сындырады немесе құлпыңызды бұзады. Көліктен аз ғана уақытқа шықсаңыз да есігіңізді немесе әйнегіңізді ашық қалдырмаңыз, дабыл орнатыңыз. Егер де автокөлігіңізді қалдырған жағдайда күзетілетін тұрақта немесе бейнебақылау камералары орнатылған аумақта қалдырыңыз.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны