06.05.2019, 11:52 15564

Суды қалай дұрыс ішу керек

Алматы. 6 мамыр. Kazakhstan Today - Су - организмде ақуыздар, дәрумендер, минералдар мен микроэлементтер тасымалын орындайтын қанның негізгі құрамдасы. Су өмірлік маңызды заттармен қоректендіріп қана қоймай, сондай-ақ уыттар мен шлактарды шығарады. Сондықтан организмдегі су жетіспеушілігі көбіне дімкәстікке немесе артық салмаққа себеп болып жатады. Осы жерде "Біз қандай суды пайдаланып жүрміз?" және "Су қаншалықты қауіпсіз және құрамында барлық қажетті заттар бар ма? деген сұрақтар туындайды.

Қазіргі таңда бір ғана Алматыда қалалық қоғамдық денсаулық сақтау департаментінде асханалық ауыз су мен минералды су өндіретін 19 өндіруші есепте тұр. Құю цехтары ережелерге сәйкес жылына бір рет тексеріліп отырады. Өткен жылы бөтелкеленген судың қауіпсіздік мониторингі нәтижесінде үш өндірушіде нормативтік-техникалық құжаттама бойынша сәйкессіздік, екі өндірушіде таңбалау ережелерінің бұзылуы айқындалды. Бір сынама микробиологиялық көрсеткіштері бойынша сәйкессіздікті көрсетті.

Қазақ тағамтану академиясы қазіргі таңда су үлгілерін толық талдаудан өткізу үшін жеткілікті зертханалық ресурстарға ие. Зерттеу нәтижелері бойынша BonAqua "Қазақ тағамтану академиясы ұсынған" сапа белгісін алды. Академияның қорытындысында BonAqua жоғары тазалық дәрежесімен ерекшеленеді, құрамындағы өмірлік маңызды элементтер: натрий, калий, кальций, марганец дұрыс қатынаста деп атап көрсетілген. Фтордың оңтайлы мөлшері кальциймен үйлесе отырып, BonAqua суының физиологиялық құндылығын бірнеше есе арттыра түсетінін атап өткен жөн.

Coca-Cola компаниясының бренд-менеджері Азура Камилдің сөзінше, Универсиада 2017 және Экспо сияқты халықаралық іс-шараларды өткізу кезінде, BonAqua кездейсоқ ресми су маркасы атанып отырған жоқ. Coca-Cola өндіруде әлемдік сапа стандарттары Қазақстанда да қатаң сақталады.

"Егер өндіріс барысында су талаптарға сәйкес келмесе, су толық жөнге келтірілуге жіберіледі. Су Алматы облысының зауыт аумағындағы төрт ұңғымадан өндіріледі, сүзгілеу мен тазалаудың бірнеше кезеңінен өткізіледі, соңынан күнделікті тұтыну және тамаша дәм беру үшін теңдестірілген минералдармен қанықтырылады. Дайын өнім мемлекеттік регламент талаптарына және компанияның ішкі стандарттарына толық сәйкес келеді. Дайын BonAqua оннан астам көрсеткіштер бойынша химиялық талдаудан өтіп, содан кейін кәсіби дәмсарапшыларға сынамаға жөнелтіледі", - деп әңгімелейді Азура Камил.

BonAqua қапталған ауыз суды өндіру, сақтау, тасымалдау және өткізу бойынша ЕАЭО жаңа талаптарына, сондай-ақ химиялық, микробиологиялық және радиациялық қауіпсіздік ережелеріне толық сәйкес келеді.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны