05.07.2019, 17:03 25223

Ақтөбеде мемлекеттік қызметшіні заңсыз жұмыстан босатқан мемлекеттік органның басшысы жазаланды

Мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік-құқықтық қорғалуы мемлекеттік қызмет саласына ең құзыретті, әрі адал мамандардың келуіне жағдай жасайды. Осыған орай, облыстық мемлекеттік қызмет істері департаментінің мамандары Ойыл аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі басшысының бөлімінің бас маманын заңсыз жұмыстан шығарғару фактісін анықтады.

Нұр-Сұлтан. 5 шілде. Kazakhstan Today - Ақтөбеде мемлекеттік қызметшіні заңсыз жұмыстан босатқан мемлекеттік органның басшысы жазаланды.

Мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік-құқықтық қорғалуы мемлекеттік қызмет саласына ең құзыретті, әрі адал мамандардың келуіне жағдай жасайды.

Осыған орай, облыстық мемлекеттік қызмет істері департаментінің мамандары Ойыл аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі басшысының бөлімінің бас маманын заңсыз жұмыстан шығарғару фактісін анықтады.

Ақпаратқа сәйкес, бұған тәртіптік комиссияның отырысында қаралған прокуратура органдарының бұзушылықтарды жою туралы ұсынысы себеп болған. Алайда жұмыстан шығаруға тәртіптік жазаны қолдану мерзімі өтіп кеткен.

Бұған қарамастан тәртіптік комиссия аталған бөлімнің басшысына бас маманға қатысты атқаратын мемлекеттік лауазымынан шығару түріндегі тәртіптік жазаны қолдану жөнінде ұсыныс берген.

Нәтижесінде, мемлекеттік қызметшінің арызына байланысты жүргізілген тексеру қорытындысына сәйкес, тұлғаны мемлекеттік лауазымнан құқыққа сыйымсыз босатқаны үшін Ойыл аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы 37 875 теңге көлемінде әкімшілік айыппұлды қолдану арқылы әкімшілік жауапкершілікке тартылып, мемлекеттік қызметші бұрынғы жұмысына қалпына келтірілді.

Сонымен қатар, тәртіптік комиссияның барлық мүшелері жазаға тартылды.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің баспасөз - қызметі

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны