03.08.2019, 01:01 31002

Баланы кезекке қою, кезек нөмірін қарау, балабақшаға жолдама алуды ата-ананың өзі e.astana.kz порталында тегін жүзеге асырады

"KZ-CERT" Қызметі мен Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасы барлық ата-аналарды осындай өтініштерге ермеуге және e.astana.kz жүйесінің ресми иесінен қызметті өз бетінше алуға шақырады.

Нұр-Сұлтан. 3 тамыз. Kazakhstan Today - "KZ-CERT" Компьютерлік инциденттерге әрекет ету қызметі қазақстандықтардың жеке деректерін жинау, сондай-ақ Қазақстан Республикасы азаматының жеке құжаттамасына қол жеткізу анықталғаны туралы хабарлайды.

"KZ-CERT" Қызметіне Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасынан өтініш келіп түсті, онда әлеуметтік желілерде балаларды балабақшаларға тіркеу бойынша ақылы қызметтерді ұсынатын парақшалар жасалғаны туралы хабарланды. Өтініш берушілердің қауіптенуі, қазақстандықтардың жеке деректерін заңсыз жинау жүргізілуіне байланысты болды.

"KZ-CERT" Қызметі Интернет желісінде мониторинг жүргізе отырып, Instagram желісіндегі парақшалар мен "OLX" онлайн-дүкеніндегі хабарландырулар анықталды, онда келесі ақпарат көрсетілген:

"Біздің парақша тәулік бойы балабақшаларға мониторинг жүргізу қызметімен айналысады. Электрондық әкімдік e.astana.kz. сайты арқылы жұмыс істейміз. Бұл балалары МДБМ-не (Мектепке дейінгі балалар мекемесі) және т.б. кезекте тұрған ҚР кез келген тұрғыны үшін жалпыға бірдей қолжетімді сайт. Сайтқа кіруді ЭЦҚ (Электрондық-цифрлық қолтаңба) электрондық кілтінің көмегімен орындайды. Сізден тек сізге ыңғайлы бақшаны таңдау және ЭЦҚ кілтін ұсыну қажет. ЕСКЕ САЛАМЫН, барлығы заң аясында орындалады. Төлем жолдама алғаннан кейін ғана жүзеге асырылады, содан кейін Сіздің барлық дербес деректеріңіз сәтті жойылады. (стилистика және орфография сақталған).

Бұл жағдайда дербес деректерді жинау сендіру әдісімен жүзеге асырылғанын атап өткім келеді.

"Баланы кезекке қою, кезек нөмірін қарау, балабақшаға жолдама алуды ата-ананың өзі e.astana.kz порталында тегін жүзеге асырады. Бұдан басқа, осы қызметтерді алу үшін ЭЦҚ талап етілмейді. Авторизациялау және одан әрі қызметті алу үшін ЖСН, ата-анасының ұялы телефон нөмірін және бір реттік тексеру SMS-құпиясөзін енгізу жеткілікті. Сондықтан осы нысандарды бөгде адам қашықтан толтыру ҚР Заңнамаларын бұзу болып саналады. Сіздің берген мәліметтеріңіз бен ЭЦҚ кілттері басқа іс-қимылдарға пайдаланылмайтындығына кепілдік жоқ",-деп түсіндірді Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасының стратегия, талдау және сандық технологиялар бөлімінің басшысы Жазира Асанова.

Естеріңізге сала кетейік, ЭЦҚ қол қою арқылы алаяқтарға "Электрондық үкімет" порталында мемлекеттік қызметтер мен азаматтың жеке деректерін алу мүмкіндігі беріледі. Осыған байланысты "KZ-CERT" Қызметі мен Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасы барлық ата-аналарды осындай өтініштерге ермеуге және e.astana.kz жүйесінің ресми иесінен қызметті өз бетінше алуға шақырады.

Осындай интернет-ресурстардың түрі және әлеуметтік желілердегі парақшалар анықталған жағдайда, бізге 1400 нөмірі бойынша немесе @kzcert телеграмм тобына хабарлаңыздар.

"KZ-CERT" Компьютерлік инциденттерге әрекет ету қызметі

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны