02.11.2019, 14:23 8703

"Алтын күн" патриоттық әндерінің ІІ балалар фестивалі өтеді

Фестивальге Нұр-Сұлтан қаласы этномәдени бірлестіктерінің шығармашылық ұжымдары мүшелері, жалпы білім беретін мектептердегі оқушылар, вокалдық студиялар, ансамбльдер, сонымен қатар 6 жастан 16 жасқа дейінгі барлық тілек білдірушілер қатыса алады.

Нұр-Сұлтан. 2 қараша. Kazakhstan Today - Патриоттық тәрбиені арттыру және тұлғаның азаматтық қасиеттерін дамыту, дарынды балаларды анықтау және қолдау, олардың шығармашылық мүмкіндіктерін іске асыру, сондай-ақ патриоттық ән жанрын насихаттау мақсатында "Алтын күн" патриоттық әндерінің ІІ балалар фестивалі өтеді.

Фестивалді ұйымдастырушы-Нұр-Сұлтан қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы.

Фестивалге Нұр-Сұлтан қаласы этномәдени бірлестіктерінің шығармашылық ұжымдары мүшелері, жалпы білім беретін мектептердегі оқушылар, вокалдық студиялар, ансамбльдер, сонымен қатар 6 жастан 16 жасқа дейінгі барлық тілек білдірушілер қатыса алады.

Фестивалде Отанымыз Қазақстан, елорда, туған өлке туралы әндер,сондай-ақ ҰОС жылдары және бейбіт уақытта жазылған әндер шырқалуы тиіс

Патриоттық әндер фестивалі екі турдан өтеді:

1 кезеңде іріктеу, 2 кезеңде фестиваль өткізіледі.

Іріктеу туры

2019 жылғы 8 қарашада сағат 17.00-де Достық үйінде (Б.Момышұлы даңғылы 24/9) өткізіледі.

Фестиваль финалы

2019 жылғы 10 қарашада сағат 11.00-де Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-де (мәжіліс залы) болады.

Өтінімдер 2019 жылғы 5 қарашаға дейін қабылданады.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны